Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз нашақорлыққа қарсымыз!

22 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз!»

Мақсаты: 1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа мәліметтер беру (әңгіме сабақ)
Сабақтың әдісі: талдау, пікір алмасу.
Пәнаралық байланысы: адам және қоғам, психология, социология, құқық негіздері

Жоспары:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
ІІІ. «Ситуациялық жағдаятты» талдау.
IV.«Көкпар тарту» Мақал - мәтел жарысы.
V. Қорытынды.

Барысы:
Оқытушы: Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгін 1 - желтоқсан күні «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.

ІІ. «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.
Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады.

Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);
Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.

Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезеңде ересектер арасында да есірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардың саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нашақорлыққа жол бермейік!
Нашақорлыққа жол бермейік!
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Бокей ордасы ауданы, Борли ауылы. М. Бегалиева атындағы жалпы орта мектебі Бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалім Сагадат Байболова Саржановна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауатты өмір - жарқын болашақ
Салауатты өмір - жарқын болашақ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Атырау облысы, Индер ауданы, «Көктем» қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жайшығұлова Айбарша Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×