Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Қазақ тілі мәңгісің, осыны бәрі білсін!

22 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Қазақ тілі мәңгісің, осыны бәрі білсін!
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы
«Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Қазақ тілі мәңгісің, осыны бәрі білсін!»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: 2011жылдың 22 қыркүйек Тіл мерекесіне арналды. Биыл Тіл мерекесіне 22 жыл толып отыр. Қазақ халқы шешендік өнерді жоғары «Өнер алды - қызыл тіл» деп ұққан ата - бабамыз «от тілді, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында таппақтап айтқан ақыл - нақылға толы ақындардың толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, оны мәңгілікке пайдаға жарату.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуға баулу.
Диктор: Кеш жарық, құрметті теледидар көрермендері! Әдеттегідей сәрсенбі күні қорытынды жаңалықтармен таныс болыңыздар. Студияда әріптесім: Зейнур Бауыржанұлы
Қасымдағы әріптесім: Әлия Талғатқызы
Диктор: Аптаның басты жаңалықтары:
Тәубаның басы Тәуелсіздік болып, ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі болған тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында, жылма - жыл бүкіл қазақстандықтар тойлап келе жатқан төл мерекеміз «Тіл мерекесі» бүгінгі жаңалығымыздың басты тақырыбы болмақ.
Тіл қасиетті, құдіретті, де киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын төгіп, өміршең күй кеше береді.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар
Қазақтың тілі ғаламат
Ана тілі арым, иманым
Аманат саған, ұрпақ, аманат.
Тәуелсіздік тілектерінің бірі - тіл. Тіл - халқымыздың қазынасы, сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Егемендігіміз баянды болсын деп, ұлттық рухымызға өріс тілеп, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек деп жүрген Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің атасы, ақын Мұхтар Шахановтың қазақ тілінің қолдау акциясынан түсірілген тілші Зүлфат Салауатқызының репортажына құлақ түріңіздер.
(Экраннан М. Шахановтың сөйлеген сөзі жіберіледі.)
Диктор: «Халқын сүйген - салтын да сүйер» дегендей, мұндай мереке – бір халықтың ұлттық байлығы. Сол себепті оны халықтың өз ұрпағы қастерлей білсе, басқалары да мойындары хақ. Жұрт алдында сөйлеу, шешендік, тапқырлық өнер осындай жанды, өнегелі істер арқылы бойға сіңбек. Міне, осындай жағдайларды біздің қазіргі ұрпағымыз, із басушы оқушыларымыз біліп, ескеріп, ана тілімізді ардақтап жүрген Оралдық апамыз Сайраш Әбішқызын сөзге тартқан тілші Әлия Абайқызының репортажын тыңдайық.
(Экраннан Әлия апамыздың ой - пікірі тыңдалады.)
Диктор:Орақ ауызды, от тілді жыраулар поэзиясының атасы Асанқайғы Сәбитұлы:
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады,
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады - десе, Абай атамыздың «Тіл өнері – дертпен тең» екендігіне жастарды елін, жерін, тілін сүюде өз үлесін қосып жүрген, ақын, әнші, жырау шебері, сазгер, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханов Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінен болашақта егеменді ел болып, халық болып қалуымыз, мына өсіп келе жатқан сіз бен бізге байланысты дейді.
(Экраннан Б. Тілеуханов «Сегіз аяқ» әнін айтады.)
Диктор: Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде ақылың бой алса, тым алысқа бармассың,
Ана тілің жойылса, халық болып қалмассың,
Бұл орайда Атырау қаласы, №3 орта мектебі ұжымының да Тіл мерекесі қарсаңында жасап жатқан игі істерін мақтанышпен атауымызға болады. Атырау қаласы, №3 орта мектебінен түсірілген бейнематериалға зейін қоялық.
Әріптесіміз:Сауле Сағынғалиқызы сөз кезегі өзіңізде.
Тілші: Рахмет. Құрметті Атыраулықтар, №3 орта мектеп ұжымы және оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі – Тіл» мерекелеріңіз құтты болсын. Халқымыздың бастан өткерген тарихының әр беті бізге қымбат. Соған орай егеменді қазақ елінің жылнамасында өшпестей орын алған тіл мәселесі төңірегінде жасалып жатқан жұмыстар туралы осы мектептің директоры Сәрсенғалиева Жанар Үмбетқызын сөзге тартсақ.
Тілші:Әңгімеңізге рахмет, мектебіңіздегі ұстаздарыңыз және шәкірттеріңіз алдыңғы қатарлы орындардан көріне берсін. Табыс тілейміз.
Тілші: Осы мектептің 10 «а» сынып оқушыларының Тіл мерекесіне арнаған өздерінің шығарған өлеңі « Гүлдене бер, ана тілі» әнінің алғашқы тұсау кесеріне куә болайық.
Тіліші: Әндеріңіз тамаша екен. Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Диктор: Ата - анамыз әлдилеп, Уатқан бізді баба тіл,
Осы тілді жек көрген дүниеде қалар құр.
Бағаласаң шынымен, баба тілі асыл дүр.
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ділмар ата – бабамыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл ойдың дариясы, қасиетті ата - бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас өсиеті мол мұра.
Атырау қаласының тұрғыны Дәрібаев Ахмет қарияның отбасылары «Тіл мерекесін» қалай қабылдайтындығын түсіріп қайтқан әріптесіміз Айзада Қуанышқызының бейне түсірілімінен.
Тілші: Ахмет ата! Әсел әже! Сәлематсыздар ма? Бүгінгі мереке – өзіміздің туған ана тіліміздің - мемлекеттік тіл мәртебесіне жеткен мереке күні ғой, құтты болсын!
« Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар» дегендей, тіл мерекесіне қандай тілек айтасыздар.
Ахмет қария: Қызым жылына бір келетін «Ана тілі» мерекесі құтты болсын деймін. Қазақ тілі - дара тіл, дана тіл, баба тіл деуге болады. Тіл болмаса, ұлт бола ма? Ұлттың болашағы тілінде. Елбасымыздың жасап жатқан саясаты, соның ішінде Тілге деген жасалынып жатқан жұмыстары көңілге қонымды. Бүкіл халық Президентімізге риза, аман - сау, тіл көзден аман жүрсін дейміз. Өзім 50 жылдай мұнай саласында еңбек еттім, еңбегімнің арқасында зейнеткерлікке шықтым. Мына бәйбішемде денсаулық саласында қызмет етті, ол да зейнеткер.
Әсел әже: Айналайын, 4 ұл, 4 қыз тәрбиеледік, барлық балаларым №3 орта мектебінен оқып шықты. Бір - бір маман иесі. Осындай биікке жетулері ұстаздарының арқасы. Осыны пайдаланып, мектеп мұғалімдеріне көп - көп алғысымызды айтамыз. Балаларымыз қазақша оқыды, жастарға айтар тілегім: балаларыңызды қазақша оқытыңыздар деймін.
Мынау үлкен немерем биыл 11 - сыныпта, аты - Айзада, қолымыздағы баламыздан кіші немерем - Диас.
Тілші: (немерелерін сөзге тартады.) Қазақ тілі мерекесі туралы не айтасыздар, қазақ тілі пәні туралы және қандай жақсы тілектеріңіз бар?
Немере: Атым - Диас. №3 орта мектебінде 6 - сыныпта оқимын. Сабағымды 4 - 5 ке оқып жатырмын. Өзім өлең шығарумен айналысамын. Осы мерекеге мына өлеңім бар.
Қазақ тілі – зат есім мен етістік
Уа, халайық, қашан тілсіз жетістік
Оқушының сөздік қорын молайтар
Қазақ тілі – баға жетпес жетістік
Қазақ тілі – біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз
Қазақ тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Немере: атым – Айзада. Биыл 11 - сыныпта оқып жатырмын. Қазақ тілінен 5 - сыныптан бері Айжамал апайымыз береді.
Қазақ тілінен талдау әдістерін түрлі тәсілмен, әсіресе математикалық және сатылай кешенді талдау тәсілін шебер үйрендім. Мысалы: «Егемендік» деген сөзге фонологиялық талдау жұмысы

Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Қазақ тілі мәңгісің, осыны бәрі білсін!
Алдымызда Ұ. Б. Т. дайындығы тұр. Мұның бір ерекшелігі: ережені білмей тұрып, талдау оңайға түспейді.
Тілші:Ахмет ата, әже! Немерелеріңіздің білімі өте жақсы екен. Сіздерге тамыры тереңге кеткен мәуелі бәйтеректей, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер. Тілім, дінім дейтін сауатты ұрпақтарыңыз көп болсын, сау болыңыздар.
Қария:Қызым, батаменен ер көгерер деген, бата етейін.
Жүрген жеріңізден мол қуаныш кернесін
Ұл - қызымыз ержетіп, білімге құлаш сермесін
Тәуелсіздік тұғырлы болып, абыройы өрлесін
Тіліміз, дініміз мәңгілік өлмесін. АУМИН
Диктор: Әуездісің, әсем тілі елімнің
Әуенісің ұлан - байтақ жерімнің
Самғай берші шартарапқа өр үнің – дей келіп, Құрметті теледидар көрермендері, бізде бұл мерекеге шашусыз келгеніміз жоқ, Әріптесім Зейнур Бауыржанұлының сөзі мен әні Шона Смаханұлы мен Әбіүйрбек Тінәлиевтің «Анамның тілі» әнін қабыл алыңыздар.
Диктор:
Тегін білмеу - жетесіздік жат маған,
Тілім – арым, ол арымнан аттаман
Дүние есігін сол тілменен ашқамын
Келмеске де сол тілменен аттанам.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз,
Еліміздің құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Сондықтан да егемен еліміздің алдында тұрған көп міндеттердің бірі - жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, өз ана тілін айқын да анық терең оқыту және соған жағдай жасау.
Диктор:Гүлденерсің әлі де түрленерсің
Сен мәңгісің, осыны бәрі білсін - дей келіп,
Құрметті теледидар көрермендері!
Иманжүзді адамдай күндей күліп,
Жарық дүниедей жадырап сөйлейтін тіліміз мәңгілік болсын!
Келесі эфирде кездескенше. Бай қуатты болыңыздар?
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады, бәрі қосылып айтады.
6 994
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
Тіл мерекесіне арналған сценарий
Тіл мерекесіне арналған сценарий
Тіл мерекесіне арналған сценарий Ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Өнер алды – қызыл тіл
Өнер алды – қызыл тіл
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Сара Қадимқызы
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Қарағанды облысы, «Сәтбаев қаласындағы №3орта мектебі»КММ І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысова Асем Даулетбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×