Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маңғыстау – өнер өлкесі

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау – өнер өлкесі
Өткізілу әдісі: 7 - 8 сыныптар арасындағы сайыс.
Мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін қадірлеуге, туған жер тарихын, әдебиетін, мәдениетін терең ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр сынып газет шығару, буклеттер дайындау, әшекей бұйымдар, ұлттық киімдер көрмесін дайындау.

Сайыстың жүрісі:
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Маңғыстау өнер өлкесі» атты сайысымызды бастаймыз. 7 - 8 сыныптар арасынан 3 топ шығады.
Әр топта 6 оқушы.
1 топ – Мұрагер
2 топ - Дастан
3 топ – Сұңқар
«Адай» күйі сахнада ойнап тұрады.
Өлең «Жалғызым» С. Назарбекұлы. Орындайтын Ақбердиева Әсел.

Үш түбегім, Маңғыстауым – жалғызым,
Мені тербеп жүреді ылғи жалғыз үн.
Сенің үнің – менің үнім, туған жер,
Тек өзіңмен жаман, жақсы хал біздің.

Мың қоралы, мың шыңырау, мың жолды,
Әулиелер, пір де, сенде ең соңғы
Абыл жырлап, Есір атам күй шертсе,
Ел қорғаны Досан батыр оқ жонды.

Өмір деген ғибратты дала бар,
Ұғып алшы, бір сөз айтам, балалар
Жалғыз жол бар адастырмас адамды
Ата жолы, салып кеткен бабалар.

Бұл түбекті шөл дейтіндер күпір ме?
Сан шыңырау қазған атаң, шүкір де,
Атамзаман кеуіп қалған құдыққа,
Ата рухын арамдама, түкірме.

ІІ жүргізуші: Жағынам деп басқаларға, ұлыққа,
Шен - шекпенге, бақ - дәулетке құнықпа,
Маңғыстауда әулие көп, бәрі де,
Желеп – жебеп жататынын ұмытпа.

І жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстыру:
-------------------------------------------
ІІ жүргізуші: Сайыс шарты:
1. Маңғыстау ойында 360 әулие тарихи - мәдени
ескерткіштері туралы реферат қорғау.
2. Сайрап өткен бұлбұлдар. Жергілікті жердің
композитор шығармашылығынан өлең айту.
3. Ақтауым – өз мекенім.
Оқушылар өз шығармашылығынан өлең оқу.
1. Маңғыстау күй өнері.
2. Сурет көрмесі (буклет жасау)
(Үйге берілген тапсырма. Маңғыстау халқының салт – дәстүрлері, қорғау. )

3. Сұрақ – жауап.
І жүргізуші: Табынған табиғатқа, адамзатқа,
Ол кездік адам басқа, қадам басқа,
Аталар үш жүз алпыс әулиеден,
Кімдерді үлгі тұтты замандасқа?
Оқушылар Маңғыстау ойындағы 360 әулиеге сипаттама беріп, өздері дайындаған рефераттарын қорғайды.

ІІ жүргізуші: Жан азығым – атамның мұралары,
Әдет – ғұрпы, күй жыры, қыран әні...
Рух күші солардың қолында тек,
Қандай тірлік азықсыз тұра алады?!
І. Келесі кезекті әндерге береміз.
ІІ. Маң дала, мәңгі жаса Маңғыстауым!
Сен бүгін арайланған таңға ұқсайсың,
Бар балаң саған арнап, жыр жазады
Жеткізіп жүрек үнін, жан құштарын.

І жүргізуші: Кезекті болашақ ақындарға береміз.

ІІ жүргізуші: Жан азығы – ән күйі қағазымның
Жиынтығы секілді таза мұңның
Әні қалқып жатпаса, күйі шалқып,
Ең ауыры мен тартар азабымның.
Маңғыстау күйшілерінің күйі.

І жүргізуші: Үйге берілген тапсырма «Маңғыстау халқының салт – дәстүрлері» бойынша оқушылар дайындаған буклетті қорғау. Бұл жерде оқушыларға Маңғыстау тарихына, әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне байланысты әр түрлі сұрақтар қойылады.
Соңынан әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Сайысты «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әнімен аяқтау.
3 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің туған өлкем!
Менің туған өлкем!
Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Шығармашылар сайыс жоспары
Шығармашылар сайыс жоспары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Маңғыстауым маңғаз мекенім
Маңғыстауым маңғаз мекенім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебі 7 сыныбының оқушысы Жұмашев Айзат Саламатұлы
Маңғыстау маңғаз мекенім (оқушы шығармашылығы)
Маңғыстау маңғаз мекенім (оқушы шығармашылығы)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебі 7 сыныбының оқушысы Жұмашев Айзат Саламатұлы
Жұмақ мекен - туған жер
Жұмақ мекен - туған жер
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы қазақ тілі пәні мұғалімі Ғайыпбаева Күләш Құрманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×