Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған ортаны қорғау

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
жаратылыстану - гуманитарлық бағытындаағы 10 сыныбында өткізген ашық сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға экологиялық білім беру
2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның табиғатына немқұрайды қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық.
Сабақтың формасы: жеке, топпен, сыныппен.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, экология.
Көрнекілігі: сөз басы, сурет, карточкалар, тестер, бағалау парағы.

Бағыт беру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Сөз басы: Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер - суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны?!
Іске асыру кезеңі:

І. Топтастыру.
Қоршаған орта
ІІ.- Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

ІІІ. Мәтінмен жұмыс:
а) мұғалімнің мәтінді оқуы, оқушылардың түсініксіз сөздерді сызып отырулары.
Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың 40 - 45 пайызы экологиясы нашар аймақта тұрып жатыр.
Жыл сайын атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы тарайды. Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен.
Иә, табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.

ә) сөздік жұмысы
өткір мәселе - острая проблема
тепе - теңдіктің бұзылуы - разрушение ровновесия
санасының өсуі - рост сознаний
көмір қышқыл газы - углекислый газ
игеру - освоить
күнкөріс көзі - источник жизни
б) мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өрендеуі, ғарышты игеру неге әкеп соғуда?
2. Жер шарындағы халықтың неше пайызы экологиясы нашар жерлерде тұрып жатыр?
3. Жыл сайын атмосфераға неше тонна көмір қышқыл газы тарайды?
4. Соңғы он жылда нелер жойылып кетті?
5. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма?
6. Ендеше қандай жұмыстар жүргізу керек?

ІҮ. Тапсырмалар:
1. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар зат есімдерді табу.(орындарында)
Қарым - қатынасы, санасының, пайызы, экологиясы, газы, жануарларының, жер шарының, өмірі, қызметі, ұрпағының, баласы.
2. а)«Табиғатты қорғау» тіркесін септеу. (тақтада)
ә) Сөйлем түрінде аяқтау. Мысалы,
А. с. Табиғатты қорғау - баршаның міндеті.
3. Екі бағанда берілген сөздерден сөз тіркестерін, одан сөйлемдер құрастыру.(ауызша)
Апатты орта
Қоршаған сақтау
Табиғатты ауа
Таза денсаулығы
Адамның аймақ
4. Карточкалармен жұмыс (4оқушы)
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.
Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.
Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.
Дүниежүзілік, қоршаған, қорғаудың, ортаны, күні, 5маусым.
5. Сурет бойынша әңгіме (қазақ балалары)
Қалғандары Венн диаграммасы бойынша таза ауа мен лас ауа жайында белгілеу.
6. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. (Ш. Айтматов)

Қорытынды кезеңі:
1. Тест жұмысы

2. Сөз соңы:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған.
От сезім мен мейірім содан тараған
Тіршілік иесі Жер - Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Аһ ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?

Үйге: «Адам - табиғат перзенті»деген тақырыпта эссе жазу.
Бағалау.
38 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды. Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді Қоршаған ортаны танып - білу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға экологиялық білім беру 2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Ақтөбе қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Ш. М.
Экологиялық апатты аймақтар
Экологиялық апатты аймақтар
"Сәтбаев қаласы, №1 мектеп - гимназиясы"КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исанкулова Г. Г
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×