Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

22 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылар монғол империясының тарихымен танысады; Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсетіп; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік алады.
- Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамытамын, Отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға үйретемін.
- Оқушыларды Отанын қорғауға, батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа, топта шығармашылық атмосфера құруға баулимын.
Сабақтың негізгі ұғымдары: «Монғолдың құпия шежіресі». Жеңісхан, Барунгар, Жоңғар, Кул. «Кешіктен». «Яса». «Құрылтай». «Жасақ». Отырар опаты. Ұлыстар.
Сабақта қолданылатын технология: СТО
Сабақ типі: аралас
Сабақтың жүргізу әдісі: Оқушыларды 3 топқа бөлу, пікір алысу, өз ойларын тұжырымдау, ассоциация мен кластер.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: XIII - XIV ғ. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы, Қазақстан монғол дәуірінде карталары, Тірек сызбалар, Шыңғысханның суреттері, Отырар қаласының макеті, видео ролик, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: Тарихи тұлғалардың суреттері бойынша 3 топқа бөлу.
Бір - бірлеріне тарихи тұлғаларды байланыстырып тілек білдіру.
Бір – бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз
Аламыз білім жақсы ғып,
Тілейміз бәрімізге сәттілік
Топ басшыларын анықтау, бағалау парағын беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Тұлғалар туралы не білесіңдер?
1 - топ. Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950жж);
Әбу Райхан әл - Бируни (973 - 1050 жж).
2 - топ. Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж);
Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075жж).

Сәйкестендіру тесті.
1. Махмуд Қашғари «Даналық кітабы»
2. Ахмет Йасауи «Ақиқат сыйы»
3. Жүсіп Баласағұн «Түркі тілдерінің сөздігі»
4. Ахмет Иугнеки «Құтадғу білік»

Жаңа сабаққа көшу.
1. Қызығушылықты ояту:
Видео көрсетіледі. Жұмбақ арқылы тұлғаның кім екендігін тапқызу және тақырыпты ашу. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік. (Оқушылар өз болжамдарын жасайды)
Болжам тренингі

Адамзат тарихындағы ең ұлы жеңімпаз. Өз дәуірінің данышпаны, саясаткер және мықты әскерді ұйымдастырушы, бүкіл әлемді дірілдеткен атақты моңғол империясының негізін қалаушы.
- Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер. Сабақтың жоспарымен таныстыру.

Жаңа сабақ жоспары:
1. Монғол империясының құрылуы
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
4. Жаулап алудың зардаптары
5. Ұлыстардың құрылуы

2. Жаңа тақырыпты меңгерту
(Электронды оқулық. Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі, оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.)
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Мағынаны ажырату. (Оқушылар оқиды, постер қорғайды )
Тапсырма. 1 - топ: 96 - 97 бет, « Қоғамдық құрылысы» оқу. Кластер құру.

2 - топ: 97 - 98 бет «Қазақстанды жаулап алуы», Ассоциация жасау.
Көрініс көрсету Музыка қойылады М. Шахановтың Отырар өлеңін пайдалану. Макеттен Отырардың өртенуі көрсетіледі.

3 - топ: «Жаулап алудың зардаптары» топтастыру.
Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Тапсырма. 1 - топ Жошы ұлысын оқу, 2 - топ Шағатай ұлысын оқу, Үгедей ұлысын оқу. Дауыстап оқып береді. Картадан көрсетеді.
Ой толғаныс: «Шыңғысхан қатыгез жаулаушы», «Азияны Шыңғысхан өзгертті» эссе жазу, Шыңғысханның тұлғасын неге ұқсатар едіңдер? постер

Ү. Қорытынды. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай азық алдыңдар?
Не ұнады? Не ұнамады? Стикерлерге жазады.
Бағалау. Әр оқушы өзін - өзі бағалайды. «Білім шыңы» плакатына жапсырады.
Үйге: Жошы ұрпақтары туралы мәлімет жинастыру
13 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Конспект 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен
Моңғол шапқыншылығы
Моңғол шапқыншылығы
Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу.
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылы Қуанышбаев А Ж
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×