Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары

07 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары (7 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.
Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Картамен жұмыс жасауға өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттері Карта, тірек схемалары, Абылай Тәуке хандардың суреттері, әр түрлі кестелер.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы
Сабақтың формасы: Топпен жұмыс
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Танымдық ойындар, СТО стратегиялары.
Сабақтың барысы:

І – Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
ІІ - Үй тапсырмасын тексеру
1 Абылай хан тобы – Қазақ хандығының құрылуы
2 Тәуке хан тобы – Қазақ хандығының құрылымы
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі Әбілхайыр хандығындағы ру - тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына пайдаланып, қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған қазақ хандығының тағына Шыңғыс ханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек
Тарихи үйірме “атты рөлдік ойын
Сынып екі топқа бөлінеді.
І топ Тәуке, ІІ топ Абылай. Әр оқушының атқаратын рөлі болады:
І реттеуші – ұйымдастыру (әр оқушыға сөз беріп отырады)
ІІ баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.
ІІІ бейнелеуші - ол ханды көз алдыңа қалай елестететінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.
ТАПСЫРМАЛАР
Картамен жұмыс
І Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
ІІ Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.

Абылай хан (Әбілмәнсұр)
- Қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. 1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген, әкесі жау қолынан қаза тауып, Ораз аталық дейтін адамның қолында тәрбиеленеді. Жастайынан ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі. 1771 жылы ресми түрде хан сайланады. Абылай өз заманының көреген де, ақылды саясаткері, данқты батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған.

Тәуке хан
Тәуке хан 1680 - 1718 жылдары билік етті.
Тәуке хандық билікті күшейту үшін билер, ру басылары, тайпа және жүз басыларының көмегіне арқа сүйеді. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш салды, “Жеті жарғы” атты заң жинағын құрастырды. Әз – Тәуке билік құрған заман “қазақтардың алтын ғасыры, қой үстіне босторғай жұмыртқалаған заман” деп аталады.

Абылай хан тобы:
1. Абылай ханның ата тегін ата?
2. Абылай ханның 18 ғасырдағы әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері, дипломат болғанын қалай дәлелдеуге болады?
3. Әбілхайыр ханның билігінің әлсіреуінің басты себебі не болды?
4. Қазақ тайпалары Әбілхайыр ханға неліктен наразы болды?
5. Моғолстан ханы Есен - бұғы қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейге қай жерлерден жер бөліп берді.

Тәуке хан тобы:
1. “Жеті жарғы” заңы неше тараудан тұрады?
2. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?
3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданды?
4. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай шаруашылық болды?
5. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?
Із қуушы - оқушы даталар бойынша жұмыс істейді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын баяндау, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×