Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы

10 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
• Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
• Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: карта, «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын сұрау:
7 - сыныпта өткен материалдарға шолу
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Қазақтардың саны мен орналасқан жерлері.
2. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7 - сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсынан таныс болғандықтан, бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін

№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
1. Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә) Орта жүз:
Б) Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз -
Ә) Орта жүз -
Б) Кіші жүз -
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым - қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуының ерекшеліктерін, қазақтардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)

№2 тапсырма:
- Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.

Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
1. Феодалдар класы (тобы):
• Шыңғысханның ұрпақтары - (хандар мен сұлтандар)
• Рулық және тайпалық ақсүйектер;
• Қожалар, имамдар, қожалар;
• Патриархалды - феодалдық ақсүйектер өкілдері (бектер, байлар, батырлар).
2. Шаруалар класы (тобы):
• Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;
• Егінші малшылар.

№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдердің анықтамасын айтыңдар:
1. Құрама
2. Қожа
3. Құрылтай
4. Ханталапай
5. Төлеңгіт
6. Құн
7. Адат
8. Тархан

№ 4 тапсырма:
- Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
1. Хан сайлау дәстүрі
2. Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
3. Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
4. Қазақтар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
5. Әлеуметтік мәртебесі - қоғамның ерікті мүшесі.
6. Төлеңгіт деген кімдер?
7. Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.

Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
2. XVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды?
3. Осы кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
4. Оқулықтың 13 - бетіндегі құжатпен жұмыс (Г. Н. Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3 - том, 30 - 31 - беттер)
Үй тапсырмасы:
1. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
2. Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен
9 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы
Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы
8 ТАРАУ. Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы Конспект Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Жалпы мақсаты міндеттері: 1 - қадам: Ежелгі Римді сипаттай отырып, басқару құрылысымен таныстыру.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×