Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы

10 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
8 - сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 45. Шоқан Уалиханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау;
• Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
- Құжаттармен жұмыс;
- Кестенің толтырылуы.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Шоқан Уәлихановтың балалық және жастық шағы.
2. Омбыда оқыған жылдары
3. Ғалымның ғылыми зерттеулері
4. Ш. Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.

Тақырып оқушыларға «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен жақсы таныс. §43. «Ы. Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы» сабағында да оқушыларға Ш. Уәлихановқа қатысты тапсырмалар берілген болатын. Оқушылардың бұған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып, сабақты семинар түрінде өткізуге болады. Жаңа тақырыпты оқушылардың терең меңгерулері үшін сабақты мына жоспар бойынша өткіземіз:
• Шоқан Уәлихановтың балалық және жастық шағы.
• Омбыда оқыған жылдары
• Ғалымның ғылыми зерттеулері
• Ш. Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.

Оқушылар Ш. Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады:
• 1835 жылы -
• 1847 жылы -
• 1853 жылы -
• 1857 - 1859 жылдары
• 1860 жылы -
• 1859 - 1861 жылдары -
• 1864 жылы -
• 1865 жылы -

Ш. Уәлихановтың замандастары - ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов - қазақтың ғұлама - ғалымы. Түркістан мен Қазақстанды, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш. Уәлиханов Шығыс Түркістанға сапары кезінде ұланғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы зор. Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемасын қамтыды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға беріп келіп, шығыстанушы ғалым, академик Н. Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталисттері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».
Сабақты бекіту:
1. Шоқанның туып - өскен жері туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортаның, туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріңдер.
3. Шоқанның мінез - құлқы туралы не білесіңдер? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?
4. «Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды» «Патриот» ұғымын қалай түсінеіңдер?
5. «Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге зор үлес қосты, оны шығыстанушы - ғалым ретінде шетелдік ғалымдар толықтай мойындады». Бұл тұжырымды нақтылай түсетін мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма:
1. §45 - ты оқып шығып, мына сызбаны толтырыңдар:
Өмір сүрген жылдары -
Мінез құлық ерекшеліктері -
Ғылымға бейімділігі -
Қайда оқыды -
Кімдермен достасты?-
Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы -
Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы -
Ғалымның ғылыми мұрасы -

Терминдермен жұмыс:
Ағартушы
Декабристер
Корнет
Адъютант
Кумир
9 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Қазақ ағартушылары
Қазақ ағартушылары
Қазақтың көрнекті ғалымы Ш. Уәлиханов, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, және қазақтың ірі ғалымы, ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет бере отырып, олардың еңбегі, шығармашылық мұрасы жайында білімдерін кеңейту.
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Атырау облысы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №105 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтбаева Айгерім
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×