Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі

16 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы (Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызына тоқталу.
• Дамытушылық: оқушылардың өткен сабақтан өткен тақырыптарымен байланыс жасай отырып, қорытындылау, өзіндік пікірін білдіру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
• Тәрбиелік: патриоттық рухқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі - баяндау
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, атлас, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
1) Ұлы жүздің Ресейге қосылуына түрткі болған негізгі себептерді атаңдар
2) Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуді өз еріктерімен қабылдау үрдісі қалай жүрді? Оған не себеп болды?
3) Ресейге қосылу барысында қандай бекіністер салынды?
4) Тест жұмысын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру: Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі.
Ресей мен Қоқан арасындағы қарым - қатынастардың шиеленісуі (себеп - Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалары іс жүзінде Қоқан хандығының билігінде болуы) Орта азиядағы мемлекеттердің - Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының тәуелсіздігін жоюмен аяқталды.
Қоқанға қарсы әскери науқанның басталуы:
1859 ж. – Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан хандығының шабуылына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860ж 26 тамызда Тоқмақты, 4 қыркүйекте Пішпекті (Қоқанның Жетісудағы тірегі) алды. Қоқан ханы Верный бекінісіне мыңдық әскер жіберді(орыстардан есе көп). Қазақ феодалдары – ге бөлінді:
- Кенесарының баласы сұлтан Сыздық (Садық) тобы Ресейге қарсы шықты
- Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.
 1860ж. 19 - 21 қазан – Алатау округының билеушісі Г. А. Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар – 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айырылды. Ұзынағаш шайқасының маңызы:
 Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті.
 1864ж. Көктем - Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.
 1864ж. 22 - қыркүйек – Түркістан жағына Черняев тобы, Әулиеата жағынан Ларке тобы шабуылдап Шымкент алынды.
 1865ж. Шілде – Ташкентті 3 күндік шайқастан кейін алды.
 1866ж. Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867ж. Хандық иеліктері Түркістан ген.- губ - на құрамына кірді.
 1868ж. қаңтар – Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан ген - губ. құрамына бағындырылды.
 1873ж. – Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
1865ж. Ресей әскери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды. Ол Орынбор ген - губ - на бағындырылды. 1867ж. Орталығы – Ташкент қаласында орналасқан Түркістан ген - губ. құру туралы жарлық шықты.
Патша үкіметінің соғыс қимылдарының салдарлары:
 көптеген қалалар қирады. (М., Түркістан қаласы қирап, өрт шықты)
 Әлемдік деңгейдегі мәдени ескерткіштерге зақым келтірілді. (М., Қожа Ахмет Иассауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Егер Шейх - эль Ислам өз басын өлімге тігіп, кесененің үстінде желбіреп тұрған ақ туды лақтырып тастамағанда ғимараттың түгел өртеніп кетуі мүмкін еді)
 Түркістан мен Шымкент басып алғаннан кейін Орынбор және Сібір шептері бір - бірімен жалғасты.
 Қазақтардың дәстүрлі сот жүйесіне өзгерістер енгізілді.
 Дінбасыларды өлке халқына ықпалын шектеу үшін патша үкіметі қазыларды сайлап қою тәртібін енгізді.
 Алым - салық күшейді. (1/3 азаматтық өкімет билігін ұстауға, ал 2/3 бөлігі таза әскери мақсаттарға жұмсалды.)
Түркістан өлкесінің басшысы генерал Г. А. Колпаковский қазақстанға Ресейден қазақтар мен шаруаларды көшіріп әкеліп, орналастыруды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. 1867 ж. Жетісу казактарының әскерлері құрылды.
IV. Сабақты бекіту:
Жұпқа бөлініп, тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру
V. Сабақты қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма беру.
18 611
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы (Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызына
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. (Конспект). Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды.
Қазақстан және Ресей
Қазақстан және Ресей
Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектептің тарих пәрі мұғалімі Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×