Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Ақ Орда ( XIII - XV ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
а) Ақ Орда 13 - 15 ғғ. арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті екенін түсіндіру.
ә) Ақ Орда тарихы, жүргізген ішкі - сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру.
б) 13 - 15 ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
Дамытушылық:
Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасай алатын тұлғаларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: География, қазақ тілі.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілік: Интарактивті тақта, карта, оқулық.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ халқының өткен тарихы – ата - бабаларымыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Біздің еліміз бүгінгі даму деңгейіне бірден жете қойған жоқ. Осы ұлан байтақ жерді сыртқы жаудан қорғап қалу жолында ата - бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

Үйге қандай тапсырма берілді?
«Алтын Орда» берілді және моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуын қайталап келу.

Моңғол патшалығы қашан құрылды?
Моңғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан 1155 жылы дүниеге келген, 1206 жылы Онон және Керулен өзенінің жағасында өткен барлық моңғол тайпаларының бас қосқан ұлы құрылтайында оның ханы болып Шыңғыс хан сайланды.

1207 - 1208 жылдары моңғолдар қай жерлерді басып алды?
Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды.

1207 - 1209 жылдары моңғолдар қай жерлерді бағындырды?
Шыңғыс хан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан княздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырды.

1211 - 1215 жылдары қай мемлекетке басып кіріп, олардың қандай соғыс техникасын қолға түсірді?
Қытай жерін басып алып, олардың тас атып, дуалын құлататын от лақтырып, өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.

Қай жылы Жетісу жеріне енеді? (1218ж.)
Қашан Отырарды қоршауға алады? (1219ж.)
Қашан Сыр бойындағы қалалар толығымен моңғолдардың иелігіне көшеді?
(1219 - 1220ж.)

III. Жаңа тақырып «Ақ Орда».
Жоспары: 1) Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы; 2) Ақ Орданың ішкі - сыртқы саяси жағдайы; 3) Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен салыстыру.
- Мына сурет сендерге таныс па?
- Иә, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы, Ақорда деп аталады.
- Жақсы, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың резиденциясы не себепті Ақорда деп аталатыны туралы және 13 - 15 ғғ. арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекет туралы не білеміз?
ә) Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі - сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат аламыз.
б) 13 - 15 ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстырамыз.
Қазақ жеріндегі Моңғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Ақ Орда – Қазақстан аумағындағы моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Сондықтан да, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы Ақорда деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Ақ Орда
Ақ Орда
XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1 - ширегіне дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты.
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Ақ орда
Ақ орда
Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі — сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру, 14 — 15ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тажбанов Серик Маратович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×