Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаш барысы Тоғым хан

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Алаштың Ұлы хандар қатарында ауызға көп ілінбей, ұлтқа сіңірген ұлы істері жете бағаланбай келе жатқан арда тұлғалардың бірегейі Тоғым хан екендігі хақ. Халқымыздың ел болып қатарға қосылуы, бүгінгі қолымыз жеткен егемендік пен өркендеуіміздің көш басы ұлт үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төгіп, Отан үшін от кешкен бабалардан басталады. Киелі хандар тарихын зерттеуші ғалымдарға алғыс айтумен қатар, қаһармандарымыздың аруақтарына бас иіп, зиярат ету ұрпақтың қасиетті парызы. Жастарға отансүйгіштікті бойларына дарыта білсек - тәрбие, тәлім бере білгеніміз. Президентіміздің сенімін ақтағандық.

Автор: Сәлімбаев Тілекқали Кеңесқалиұлы.

Қайтпас қайсар Тоғым хан.

Текті әкенің ұлдары жебе жонған
Қазақ халқы қаһарман батыр болған.
Таһирдан соң Тоғым хан тақ иесі,
Көзсіз ерлік көрсеткен осы бабаң.
Қазақ жұртын қолдаған тәңір - құдай,
Түкті жүрек ер беріпті мұзбалақтай.
Шынжырбалақ шұбартөс Тоғым ханның
Тоғыз ұлы айбарлы арыстандай.
Бытыраған қазақ - қырғыз басын қосып,
Халықты ұйыстырған кеткен босып.
Қалмақ, моғол, өзбектің шеріктерін,
Ел шетінен аластайды жолын тосып.
Өзі хан, өзі батыр дара тұлға,
Қазақ елі айналыпты мұндай ұлдан.
Тауға, тасқа салса дағы қайтпайды екен,
Қолды өзі бастаса жаужүрек хан.
Ата кегін бір сәтке ұмытпаған,
Өзбектің баскесері Ұбайдолла хан,
Моғол ханы Әбдірәшидпен сөз байласып,
Қазақ елін жоюды мақсат қойған.
Жау шерігі Ыстық - көлді бетке алады,
Қара бұлттай басады кең даланы.
Сан - Ташта сұғына кірген дұшпан қолын
Қайтпас қайсар Тоғым хан қарсы алады.
Өліспей беріспеуге тік шатқалды,
Арқа сүйеп қазақ қолы таңдап алды.
Азаттық - алғы шарты бар халықтың,
Шүберекке түйіп алып шыбын жанды.
Таң азаннан қырғын майдан басталады,
Қазақ - қырғыз шерігін ханның өзі басқарады.
Сайланған қалың қолға шағын әскер,
Күш тең келмей бар жасақ жер қабады.
Аяусыз тәулік бойы шайқас болған,
Қара түнек жамылған жер мен аспан.
Тоғымның «Тоғыз сары» атанған тоғыз ұлы,
Шейіт болған бұған қоса қырық сұлтан.

Баһадүрлер - боздақтар, қайран ерлер,
Топырағына жерленген туған жердің.
Алыптардың алыбы Тоғым хандар,
Ұрпағына үлгі болар еліміздің.
Түсініктеме: Мамаш, Тайыр хандар тұсында қазақ хандығының саяси тоқырауға ұшыраған заманынынан кейін қан кешіп, отқа түскен Тоғым хан щамалы уақыттың ішінде ұлттың басын біріктіруге 1535 - 1537 жылдары ерен еңбек сіңірген алаштың ержүрек тұлғаларының бірі, Әбілхайыр ханның түбіне жететін Көкжал Барақ, Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхановтың бабалары.
3 384
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Алаш халқының тұңғыш егемендік алуы
Жәңгір хан
Жәңгір хан
Тарихшы: Тілекқали Кеңесқалиұлы Сәлімбаев Семей қаласы.
Қатаған қырғыны
Қатаған қырғыны
Автор: Сәлімбаев Тілекқали
Арлан (арнау)
Арлан (арнау)
Автор: Сәлімбаев Тілекқали
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×