Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы

17 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
8 - сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 43. Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
• «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы. Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкжиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның педагог, жазушы, қоғам қайраткері, ғалым - этнограф ретіндегі шығармасын жан - жақты зерделеу;
• Оқушылардың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;
• Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Патша үкіметі Қазақстанда білім беру мекемелерін аша отырып, қандай мақсатты көздеді?
2. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуында қандай кедергілер болды?
3. Бүгінде шетелдердегі сияқты біздің елімізде де жеке меншік оқу орындарының білім беру сапасы жайлы не ойлайсыңдар?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Ы. Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.
2. Педагогикалық қызметі
3. Экономикалық көзқарасы
4. Ғылыми және әдеби қызметі
5. Қоғамдық саяси қызметі
Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі оқушыларға «қазақ әдебиеті» пәнінен жақсы таныс. Сондықтан аса көрнекті педагог, жазушы, фольклорист, этнограф және қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің қазақ халқын ағарту саласындағы атқарған қызметіне жан - жақты тоқталып, өткен жөн. Алдымен мына терминдердің мағынасын анықтап алайық:
• Ағарту
• Фольклор
• Этнография
• Қоғамдық қайраткер
Оқушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін бар қырынан толық зерделеуге мүмкіндік беретін кесте толтырамыз. Бұл тапсырма оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға және алған мақсатын жүзеге асыру дағдысын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге игі ықпал етеді. Жаңа сабақты меңгеру барысында оқушы оқу - ағарту ісінің маңызы жөнінде дұрыс тұжырым жасай алады.

. Алтынсариннің педагогикалық қызметіне сипаттама бере отырып, оның облыс губернаторына тәуелді болғандығын, ол тәуелділіктің ағартушылық жұмыстарын кеңінен өрістетуге кедергі келтіргенін айтып өтеміз. Ы. Алтынсарин өлкеде көп салалы білім беру ісін қолдады, қыздарға арнап тұңғыш мектептер ашты, қазақ балаларына оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.

Сабақты бекіту:
1. 304 - беттегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
• Ы. Алтынсариннің адамгершілік қасиеттері.
• Ол өмірде қандай адам болды?
2. Ы. Алтынсарин өмір сүрген кезеңге жалпы сипаттама беріңдер.

Үйге тапсырма:
1. Параграфты оқып шығып, 304 - беттегі сұрақтарға жауап беріңдер.
2. «Кел, балалар, оқылық», «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңдерін оқып шығып, оған талдау жасаңдар (ағартушының өлеңдерін пайдалана отырып, оқушының оқу, білімге деген ынта - жігеріне қозғау салу, патриоттық тәрбие беру).
3. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, мына тақырыпта деректер жинаңдар:
«Ш. Уәлиханов - қазақ халқының аса көрнекті ғалымы». «А. Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны».
6 988
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Етістер. Ыбырай Алтынсарин
Етістер. Ыбырай Алтынсарин
Ақтау қаласы, №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қойшибаева Айжан Тұрғанбайқызы
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×