Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі

23 мам 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: «Астана – еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» (слайд)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Астананың өткен тарихы туралы білімдерін өздерінің ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және зерттеу жұмыстары арқылы қорытындылау;
Дамытушылық: Елорданың өткен және жаңа өсіп - өркендеу тарихын білуге деген қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Азаттық, бостандық жолында күрескен батырларды, халқымызды әлемге танытып жүрген қайраткерлерді, Егемен еліміздің әлем таныған Елордасы – Астананы мақтан тұту сезімдерін қалыптастырып, отаншылдыққа, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікір алмасу, іздену, зерттеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, кітап көрмесі, нақыл сөздер, безендірілген сынып бөлмесі.
Қатысушы: газет – журнал тілшілері, мемлекет қайраткерлері.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушылардың атқаратын міндеттерін бөліп беру. Конференция ережесі және жүру барысымен таныстыру.

Конференцияға қатысу үшін белгіленетін ережелер:
1. Қатысушыға емес, онда көтерілген мәселеге қатысты сыни көзқарасты білдіру.
2. Сөз сұрау үшін алдымен қол көтеру.
3. Басқалардың сөзін бөлмеу.
4. Басқалардың ойымен келіспесе де, оларды мұқият тыңдай білу.
5. Басқаларды мұқият тыңдап отырғанын білдіру үшін сөз бастарда, олардың сөзін қайталау «Мен егер сізді дұрыс түсінсем..?»
6. Тақырыптан ауытқымау және қысқа да нұсқа сөйлеу.
7. Сала - құлаш хикаялар, мысалдар және күлдіретін әңгімелерден бойды аулақ ұстау.
8. Жақсы пікірлер мен ойлар айтқандарды қолдау мен мадақтай білу.
9. Бір - біріне, әсіресе ой - пікірге шыдамдылық таныту.

Сабақтың барысы:
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. Сұрақ: №1
Астананы Ақмолаға көшіру - халықтың қалауы – тарихтың таңдауы болды ма?
Жауап: №1 Саясаттанушы ғалым:
XX ғасырдың аяғында, ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысында, біздің еліміздің тәуелсіздігінің жарқын нышаны жаңа астана болды. Астана Қазақстанның елордасы болып, егемен Қазақстан тарихының бөлінбес бөлшегіне айналды.
Астананы көшіру туралы идея бұрыннан бері пісіп - жетілген болатын. Жас мемлекет үшін алғаш рет өз астанасын дербес айқындау мен құруы маңызды болған. Астананы көшіру қажеттілігі әрі саяси, әрі экономикалық себептермен де дәлелденді. Жаңа астанаға орын табу үшін Президент Н. Назарбаев алдын - ала көп ойланды, есеп жүргізді, мамандармен кеңесті, облыс орталықтарына барды, салыстырды. Біздің ірі қалаларымыздың әрқайсысында астана құрылысының жедел дамуына кедергі келтіруі мүмкін себептер табылды. Бірнеше себептермен таңдау Ақмолаға түсті. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Н. Назарбаев астананы көшіру туралы бастама көтерді. Халықтың қалауы – тарихтың таңдауы өз үйлесімін тапты.

«Жас Алаш» газетінің тілшісі. Сұрақ: №2
Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстырудың негізгі алғы шарттары қандай болды?
Жауап: №2 Алматы қаласының мэрі:
Көпшілігі таяудағы онжылдықта астананы көшіру мүмкін емес деген сенімде болды. Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ақмола қаласы Астана атты жаңа атау алады, жаңа өмір, белеске көтерілді. Жаңа елорданың жаңа аты Отанымыздың мемлекеттік орталығын көшірудің заңды нәтижесі болды.
1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

«Жас Алаш» газетінің тілшісі. Сұрақ: №3
Астананың төлтаңбасы нені білдіреді?
Жауап: №3 Тарихшы:
Астананың төлтаңбасы дөңгелек қалқан түрінде жасалған. Ортасында бекініс аясында алтын тәжді, қанатты сақ аңыздарының кейіпкері – барыс орналасқан. Төлтаңбаның жиегі бидай масақтарымен көмкеріліп, жоғарғы жағында шағырақ бейнеленген. Бекініс қабырғасы – қала тарихының және ел қорғанының символы; барыс – даналық пен бекзаттықтың символы; алтын тәж – Астананың бас қала ретіндегі мәртебесін бейнелейді; шаңырақ – ұлттық дәстүрлердің сабақтастығы; бидай масақтары – өлкенің астық молшылығын білдіреді.
«Алатау» газетінің тілшісі. Сұрақ: №4 Қарөткел, Ақмола атауларының мәні не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
My native land – Туған өлкем
My native land – Туған өлкем
Мақсаты - Aim: 1. тәрбиелік: мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Астана – бірлік пен тәуелсіздігіміздің рәмізі
Астана – бірлік пен тәуелсіздігіміздің рәмізі
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Астананың көрікті жерлері
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×