Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолын біз «көрме» арқылы қалайша көрсете аламыз?

26 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
«Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолын біз «көрме» арқылы қалайша көрсете аламыз?»

Ұлы Жібек жолы - тарихи жол. Жібек саудасына байланысты "Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең - байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.

Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б. з. б. II - I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым - қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл - VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. [9]

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік - батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Яғни, Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысытырып, мәдениет және дипломатиялық қарым - қатынасты орнықтыра алды. [8]

Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту шаралары бойынша ұйымдастырылған қазіргі таңдағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ауқымды көлік жобасы болып табылады. Бұл Қазақ елінің әлеуметтік - экономикалық даму жағында маңызды рөл атқарады.

І. Ойталқы жүргізу.
(Мақсаты: тұлға аралық байланыс орнатып, ынтымақтастық атмосферасын құру және айтылым әрекеті арқылы сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау)
10
Жүргізілетін іс - әрекет:
1) Оқушыларды үш топқа бөлу үшін белгілі бір тарихи оқиғаға негізделген үш сурет қиындысы «Мозаиканы» құрастыруды ұсыну.
2) Құрастырылған суреттерді интерактивті тақтадан көрсете отырып, оқушылармен диолог жүргізу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Қыз Жібек жырынан үзінді
Қыз Жібек жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағымның жырларын ғажап дер ем. Қыз Жібектей қыздары ару болса, Төлегендей ұлдары батыр дер ем.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі Тарих пән мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×