Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екінші дүниежүзілік соғыс

10 қыркүйек 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: «Екінші дүниежүзілік соғыс»

Мақсатым
Білімділік: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, басталу себептеріне, фашизмге қарсы шайқастар мен барысы жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру .
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи құжаттар жұмыс істеу, шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға бағыт беру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекілік: Мультимедия, сызбалар, құжаттар, карта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы.
І Ұйымдастыру
ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу «Ой талқы»
ІІІ. Жаңа сабақ
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді
Жоспары :
а) Көкпар( шарты: топпен ақылдаса отырып, жауап қайтару)
б) Кім тапқыр (шарты: картадан тарихи оқиғаны анықтау)
в) « Портреттер сөйлейді»( көрсетілген фотосуреттен тарихи оқиғаны, қатысқан адамдарды анықтап, хроникасын айту)
с) Индукция
д) Деконстукция
е) Реконструкция
г) Ойды түйінде

ІҮ. Қорытындылау
ІІ. Ой талқы
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары, нәтижесі
“Үштік одаққа” кірген мемлекеттер
“Дауес” жоспарының мақсаты
“Фашизм” ұғымына анықтама бер
Жапония премьер – министрі Танака құпия меморандум жоспарының мәні, нәтижесі
Еуропаны ................. құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді
1933 -1935 ж .ж. Германияның басты міндеті - ...........................
Германияны қаруландыруға жол ашу болды.
Батыс елдерінің құлағына майдай жаққан Англия мен Франция мемлекеттерінің көзін байлау үшін фашистік топтар
Германияның “Тіршілік кеңістігі” шығыста деп сендіруге тырысқан ұраны ...............

Өткен сабақты пысықтап, жаңа сабақтың тақырыбын шығару
ІІІ. Көкпар
І топ.
1.1940 жылдың көктемінде Германия қай елдерді жаулап алды?
2.1940 жылы 22 маусымда Компьен орманында қандай келісімгеқол қойылды?
3.Татуластық шарты бойынша Францияның жағдайы?
4.1940 жылы Ағылшын-француз әскерлерінің жеңілу себептері?
5.”Азат Франция” патриоттық қозғалысының жетекшісі?
6. 1940 жылдың жазындағы Англияның жағдайы мен АҚШ-тың саясатына сипаттама бер?
7. “Үштік пактіге” қосылған мемлекеттерді ата?
8. Еуропадағы қай мемлекеттер бейтараптық сақтады?
9. 1941жылдың жазына қарай Германия мен Италия қанша елді жаулап алды, “Жаңа тәртіп” фашистік режимге сипаттама бер?
10.”Атлантика хартиясы” мақсаты, 1941 жылдың тамыз айында“Атлантика хартиясын” жариялау себептері?
11.Анти гитлерлік коалицияның басты мақсаты?
12.”Екінші майдан” қашан, қай жерден басталды? Барысы?

ІІ топ.
1. “Барбаросса” жоспары қашан қабылданды, мақсаты?
2. “Ұлы Отан соғысы” қашан басталды, аталу себебі?
3. Германия мен КСРО-ның әскери күштерінің ара салмағы қандай еді?
4. Соғыстың алғашқы кезеңінде КСРО-ның шайқаста жеңілуінің басты себебі?
5. 1941 жылдың күзіндегі неміс әскерлерінің соғыс бағыттары?
6. Гитлердің “Қауырт соғыс” жоспарының орындалуына тежеу салған оқиға? Сипаттама бер?
7. 1942 жыл жазында неміс әскерлерінің соғыс бағыттары?
8. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс деп қай шайқастарды атайды?
9. 1944 жылғы Кеңес Армиясының соғыс бағыттары?
10. 1945 жылдың басындағы фашистік блок елдерінің жағдайы?
11. Германияның тізе бүгуі актісіне қашан қол қойылды?
12. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырлары жөнінде не білеміз?

ІІІ топ
1.Тынық мұхиттағы соғыстың басталуына түрткі болған оқиға?
2.Жапонияға қарсы соғысқан мемлекеттерді ата?
3. 1944 жылғы қазан айында Лейте аралы маңындағы соғысқа сипаттама бер?
4.1945 жылғы жаз айларындағы американ және ағылшын әскерлерінің соғыс қимылдары?
5.1945 жылы 6-9 тамызда әлемді дүр сілкіндірген оқиға?
6.КСРО Жапонияға қарсы соғыс қимылдарын қай жылы, қай елдерді азат етуден бастады?
7.1945 жылдың 2 қыркүйегінде болған тарихи оқиға?
8.Екі дүниежүзілік соғыстың аяқталуы әлем халықтары үшін маңыздылығы?

ІV. Кім тапқыр
ІV.Портреттер сөйлейді
IV. Индукция.
V. Деконструкция.
Жылы сөздер Суық сөздер
VI. Реконструкция.
VII. Ойды түйінде.
ҮІII. Қорытындылау

IX. Бағалау
X. Үйге тапсырма беру
1. §21. Екінші дүниежүзілік соғыс.
2. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тың материалдар.
3. Венн диаграммасы.
22 913
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Горный ЖББОМ" КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мұғалім Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
II Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
II Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Қалиева Гүлжанат Шайхымадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×