Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы

21 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан жеріндегі қалыптасқан жағдайларды қамти отырып, Қазақ хандығының құрылуын және оны басқарған хандар жайында білімдерін пысықтау. XY - XYII ғасырдағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңдері туралы баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек – сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы тарихи ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихындағы хандардың мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Топтарға бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
І топ «Білімділер»ауылы
ІІ топ. «Білгірлер» ауылы.
ІІІ топ. «Тапқырлар» ауылы.
Жұмыс барысымен танысу

ІҮ. Сабақтың мақсат қою.
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын жетек сұрақтар арқылы анықтату.
ХІҮ - ХҮ ғғ. Қазақстан жеріне қандай тайпалар орналасты?
2. Осы тайпалардың халық болып қалыптасуына қандай жағдай себеп болды?
3. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы кімдердің аттарымен тығыз байланысты?
ҮІІ. Сабақтың бекіту:

1 - Тапсырма. Бәйге.
1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1466ж)
2. Қазақ хандығы қандай мемлекеттер негізінде құрылды? (Моғолстан, Әбілқайыр хандығы)
3 Хан тағына отыруға, сайлануға кімдер құқылы болды? (Шыңғыс ұрпақтары)
4. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды? (Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан жеріне қоныстанды.) 5. Қазақ хандығының іргесін қалағандар кімдер? ( Жәнібек пен Керей сұлтандар).
6. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты. (Айтарлықтай табысты болды).
7. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы. (Нығайған ел болды).
9. Қасым ханның «Қасқа жолы» заңы. ( Заң жинағы)
10. Қасым хан кезіндегі қазақ хандығының астанасы қандай қалалар болды? (Түркістан).
11. Хақназар хан қайсы ханмен шарт жасасты? ( Бұхар ханы ІІ Абдаллах).
12. Хақназар хан қай жылы қалай қайтыс болды? (1580ж)
13. Хақназар ханнан кейін таққа кейін таққа кім отырды? (Шығай хан)
14. Қай хан тұсында қазақтардың саны 1 млн. адамға жетті? (Қасым хан).
15. Тәуекел ханнан кейін кім басқарды? (Есім).

2 - тапсырма.
«Тарихи бестік» Хронологиялық кесте (Даталармен жұмыс)
1465 - 1466 ж ---- Қазақ хандығы құрылды.
1511 - 1518 ж ---- Қасым хан билігі.
1538 - 1580 ж ---- Хақназар билігі.
1582 - 1598 ж --- Тәуекел хан билігі
1598 - 1628 --- Есім хан билігі

3 - тапсырма. Танымдық тапсырма.
«Тұлғаны таны»
1. «Атақты Бабыр «... жұрттың айтуынша қазақ сұлтандары мен хандарының бірді біреуі бұл халықты дәл осы адам сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағында атты әскерлердің саны 300 мыңға жуық болған.»(Қасым хан)
2. « Бұл адамның билігі тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым - қатынас жасады. Ресеймен қарым - қатынас жасауда әкесінің жолын ұстанды»(Хақназар хан)
3. «Бұл ханның қызметіне Қазақ шежірелерінде ерекше баға беріледі. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуынша Ол ұзын бойлы, батыр денелі болған соң...» (Есім хан)
4. «Бұл тұлға өз билігі тұсында Қазақ халқын біріктіріп, Қазақ мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді» (Хақназар)

5. «Марғас жырау мына өлең жолдарын кімге арнады?
«Өй. Қатағанның ханы...
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!» (Тұрсын ханға)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру.
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×