Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарахан мемлекеті (942-1212ж.ж.)

21 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Мақсаты:
1. Қазақстан жерінде өмір сүрген Қарахан мемлекетінің әлеуметтік
құрылысы, жерге меншік қатынасы, мемлекеттік әкімшілік құрылысы жөнінде баяндау.
2. Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарастарын қалыптастыруы, түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдылық тапсырма арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін дамыту.
З. Өз елінің тарихын білумен қатар құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Мультимедиялық саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты
Жаңа сабақты түсіндіру, АКТ - ны пайдалану, түрлі танымдылық тапсырмалар. Оқушылардың ізденіс. шығармашылық жұмыстарымен
танысу.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология) тірек -
сызбалары слайдтар т. б. үлестірме тапсырмалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындық қадағалау.

ІV. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі.
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу.
Балалар, бүгін сабағымызда біз тарих әлеміне сапар шегейік деп отырмыз. Сабағымыздың барысында біз бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз.
I аялдамамыз.- Білім жолы.
II аялдамамыз - Тағы да не білсем...
III аялдамамыз.- Менің түсінгенім.
ІV аялдамамыз.- Білгеніммен бөліссем деп ем...

Ендеше І аялдамамыз - Білім жолы.
Бұл аялдамада біз осыған дейінгі алған білімімізді пысықтайық.
- Балалар, бәріміз білеміз Қазақстан тарихы негізінен бір - бірімен байланысып, жалғасып жатады.
1. Биыл біз тарихтың қай курсын өтіп жатырмыз?(Оқушылардың жауабы)
♦ Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
2. Орта ғасырлар хронологиясын атайық.
♦ Орта ғасырлар хронологиясын VI - XVII ғ аралығы кіреді.
3. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын қандай кезеңдерге бөлеміз?
♦ І кезең - VI - IХғ.- Қазақстан тарихының ерте ортағасырлық кезеңі
II кезең - Х - XIV ғ. Қазақстанның дамыған ортағасырлық кезеңі
III кезең - XV - XVІІ ғ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
4. І кезең қандай оқиғаларға толы?
♦ І кезеңде Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары өмір сүрген олардың әрқайсысы қоғамның дамуына үлес қосты. Олардың ішкі - сыртқы саясаты, шаруашылығы, мәдени жағдайы дамыды.
♦ Ұлы Жібек жолы осы мемлекеттер арқылы Баласағұн, Тараз, Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ т. б.
Бұл мемлекеттердің отырықшылық және көшпелі шаруашылықтардың дамуына байланысты өзіне тән экономикасы, тұрмыс тіршілігі, қолөнері қалыптасты.

♦ Осы кезде түрік тілі өркендеді. Түріктердің төл жазуы - руна жазуы ел арасында қанат жайды. Түрік жазба мәдениеті М: Орхон - Енисей, Талас өзендері аралығында табылған мәдени ескерткіштер Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері, «Қорқыт ата» кітабы, «Оғызнама» сияқты мұралар бізге жетті.
Дұрыс. Енді біз жаңа ІІ кезеңдегі X – XIV ғасырларда дамыған орта ғасырларда өмір сүрген Қазақстан мемлекеттермен танысамыз.

Бүгін танысатын тақырыбымыз: Қарахан мемлекеті.
1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.
2. Мемлекеттің қоғамдық құрылысы.
3. Мемлекеттің саяси жағдайы.
4. Шаруашылығы.
5. Мәдениет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×