Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз құқығың жайлы көбірек біл жас дос!

20 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Өз құқығың жайлы көбірек біл жас дос!

Мақсаты: Адам құқықтары мен бостандықтарын, Конститутцияның баптарымен түсіндіру.
Халықаралық аса маңызды құжаттармен таныстыру. Оларды құқықтармен баптармен талдай отырып білімдерін тереңдету. Әрбір жеке азаматтық өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көзқарас қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қ. Р. Конститутциясы, Қ. Р Азаматтық Кодексі, Қ. Р. Қылмыстық Кодексі т. б
Мұғалім: Оқушылар Халықаралық құқықтық құжаттар және Қ. Р Конституциясының баптары бойынша өз құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жайлы сөйлейді.
Мұғалім: Қонституцияның құрылымы және мазмұны жайлы айтып өтейік.

1 - оқушы: Конституция – 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Қ. Р - ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сиапаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны тұжырымдалған. Адамның құқықтары бостандықтары мен міндеттері, Адам және азамат деп аталған ІІ бөлімде жинақталған. Қ. Р - ның Конституциясы бойынша, заң мен сот алдында бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас бостандығына, еркін білім алуға құқығы бар. ІІІ бөлімде Президенттің, ІV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құралдарының жасақталуы, VІ бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VІІ соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару ережелері VІІІ бөлімде, соңғы ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарғы заңдық күші бар. Мұның мәні - әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде, Конституцияны, оның нормаларын пайдалануға құқықты.

Мұғалім: Оқушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы қайсымыз айтып өтеміз?
2 - оқушы: 47 – бап. Оқушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2. Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
3. Өзінің адамдық қадір – қасиетінің құрметтелуіне;
4. Спорт залын, оқу залын, акт заңдарын, кітапшанытегін пайдалануға;
5. Әрбір оқушы оқудағы шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге;
6. Оқудан тыс уақытта мектептегі іс шараларға қатысуға;
7. Сонымен қатар оқуда өзіне берілген тапсырманы күнделікті орындап келуге; Ең бастысы біздер үшін яғни оқушылар үшін аянбай еңбек етіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызды құрметтеуге міндеттіміз.

3 - оқушы: 31 – бап.
1. Әрбір оқушы тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар.
2. Мемлекет әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан – жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және бізге мәдени шығармашылық қызметімен айналысуға, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.

Мұғалім: Сонымен қатар оқушылардың сөз және ар – ождан бостандығына қатысты қандай құқығы бар?
4 - оқушы: 11 – бап. Біздің сөз және ар – ождан бостандығымызға, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығымыз бар. Әрбір баланың сөз бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігіне қатысты дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай - ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға өз еркімізбен қатысуға құқығымыз бар.
5 - оқушы: 12 – бап. Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы.
Әрбір оқушы дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар.
6 - оқушы: 13 - бап. Әрбір оқушы өз пікірін еркін білдіруге құқылы: бұл құыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса оқушы өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 877
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Заңды білу - заман талабы
Заңды білу - заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Баяндаманы дайындаған педагог ұйымдастырушы Г. Әжібаева «Бейнеу лицейі» ММ
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×