Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында

27 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні мұғалімі: Наушаруанова В.А

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ЖЭС - ке көшу қажеттігін оның табыстары мен қиыншылықтарын түсіндіру.
Дамытушылық: Топпен жұмыс жасауға, пікір айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптастыру, қосымша ізденуге бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: Өз елінің экономикасының дамуына үлес қоса білуге, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, кесте сызбалар, суреттер, интерактивті
тақта.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әскери коммунизм саясаты
Зымыран сұрақтар: «Маңызды жеті сұрақ»
1. Азамат соғысы болған жылдар? (1918 - 1920жылы)
2. Азық - түлік салғырты енгізілген жыл? (1919 ж қаңтар)
3. 1919ж «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ? (А. Байтұрсынов)
4. «Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс - шарасы? (Еңбек армияларын құру)
5. Азамат соғысы кезінде Қарағандыда көмір өндіру неше есеге қысқарды? (5 есе)
6. Азамат соғысының басталуында үлкен рөл атқарған бүлік? (Чехославак корпусының бүлігі)
7. Бір ғана өзі мемлекетке 6 млн пұтқа жуық астық тапсырған облыстар (Қостанай, Ақмола, Семей)

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары
1. Ауыл шаруашылығындағы жағдай және халықтың әлеуметтік тұрмысы
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары
3. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесі
4. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру және отырықшыландыру

1920 жылдардың бас кезінде егіс көлемі 20%- ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауылшаруашылық құрал - саймандары тозып біткен еді. 1916 жылмен салыстырғанда 1920 жылдардың бас кезінде республика бойынша мал басы 35%- ға дейін кеміген. Осы жағдайлардың барлығы қазақ шаруаларының азып - тозуына әкеліп соқтырды. Елде азық - түлік, тұтыну заттары сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК(б) П - ның Х съезінен кейін өндірілген азық - түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді.

Тарихи диктант
1. 1916 жылмен салыстарғанда 1920 жылдардың бас кезінде республика бойынша мал басы 35%- ға дейін кеміген.
2. 1928 жылы 45 млн - ға жуық мал болса ол он есеге кеміп, 4, 5 млн - ға дейін азайды.
3. 1931 - 1933 жылдары аштыққа ұшырап, жері қуаңшылыққа айналды. Ашаршылық жылдар сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына дейін шамамен 2 млн - ға жуығы қырылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
1921 жылғы жұт пен аштық
1921 жылғы жұт пен аштық
Әскери коммунизм саясатының нәтижесі мен 1921 ж елді жайлаған жұттың әсерінен болған аштық жайлы оқушыларға мәліметтер беру, білім кеңістігін кеңейту.
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×