Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс)

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Тарих
Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс)
Музыка ойналып тұрады (Сахнада әже газет оқып отырады. Немересі келіп тарих туралы, еліміз қалай тәуелсіздік алғаны туралы сұрайды, әжесі еліміздің тарихын оқушыларға баяндап береді)

1. Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген,
Сонда - дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткені мен келешегін жалғады
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың
Егемендік, Тәуелсіздік алғалы
Иә, құрметті оқушылар
«Бостандық?»- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезетте емес талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше балалар тарих беттеріне зер салайық.
1227 жылдан бастап Монғол - татар шапқыншылығы болып Шыңғысханның жорығы қазақтың қазақ болу процесінің 150 - 200 жылға кешеуілдетті. Осы шабуылда «Отырар Опаты» болды.

Көрініс: «Отырар опаты»

Балалар бәрімізге белгілі ең алғаш рет қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек еді. Сол аласапыран заманда біздің қазақ халқы не көрмеді. Біздің кең байтақ, бай жерімізге көз алартушылар көп еді. Сол жауларымыз қазақтарға тыныштық бермеді.
Қан да көздің жасы да сорықпады
Күңіретті көлдердің борықтары
Азан - қазан, ақтабан шұбырынды
Ала топан жоңғардың жорықтары

Көрініс: «Ақтабан шұбырынды»

Иә, балалар қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын. Біріктірген тәуекелге бел буған. Абылай хан еді. Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы тарихи арпалысқа толы жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешті тынымсыз заман еді.
Дос та іздедім жау тисе болысатын
Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын
Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым
Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.
Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап халықты аяусыз езгіге ұшыратты!
Орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет, Кенесары, Сырым, Есет, Нұрмұханбет бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті... Алайда бәрі бекер. Біздер Ресейдің Отарына айналдық, қаншама ойшыл, зиялы адамдар репрессияға ұшырады, тұтқынға түсті, Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды.

Көрініс: «Алжир»

Сөйтіп балалар біздер Ресейдің қоластында қала бердік.
1941 жыл Бұл жыл Ұлы отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылы. Ұлы отан соғысы жылдарында қазақстандықтар әртүрлі майдандарға ірі шайқастарға қатысып жаппай ерлік көрсеткен 500 дей қазақстандық жауынгер мен офицер болды, оның ішінде 98 қазақ Қазақ совет одағының батыры деген жоғары атаққа ие болды. Олардың өшпес ерліктері тарихта алтын әріппен жазылады.

Көрініс:«Ұлы Отан соғысы»

1945 жыл Ұлы Отан соғысы аяқталды.
1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды.
1954 - 56 жылдары Қазақстан жеріне өзге ұлттарды топырлатты.
1970 - 80 жылдары тілімен салт - дәстүрінен айырылып рухани азу күшейді
1986 жыл Ресейліктер қазақтың рухын таза құртпақшы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда 18 минутқа созылған Пленум өтті. Мұнда Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып Республикаға мүлде белгісіз біреу Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан
ұлттық ыза - кегі сыртына бұрқ етіп қазақ жастарының көтерілісі басталды.

Көрініс: «Желтоқсан көтерілісі»

Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.
Балалар 1986 жылы 16 желтоқсаны тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болған еді.
1991 жылдың 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Егеменді ел болдық. Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік. Қысқасы егемен ел болудың ауыр белесінен өттік.
Қазіргі таңда ең мықты, дамыған мемлекеттердің қатарындамыз.
(Оқушылар шығып тілек айтады)
1-оқушы
Тамыры жаһандағы бар қазақтың,
Соғады Отаным деп, бір жүректен.
Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым.
Не деген қасиетті ең, құдіретті ең?

2-оқушы
Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,
Өркендей түс аяқталды тозақты күн!
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!...
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,

3-оқушы
Уа, дариға!
Еркіндік пен Егемен!
Қадіріңді түсінбейін неге мен?!
Байтақ елдің ырысына айналып,
Бақыт нұры себелеп тұр төбеден.

4-оқушы
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

5-оқушы
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса, жаса мәңгіге туған елім.
12 126
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×