Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіске 70 жыл

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы
Сыныбы: 10« а», 10 «б»
Мақсаты:
•Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
• Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
• Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақ әдісі: Пікір таластыру, сұрақ – жауап
Жаңа технология: Проблемалық полемика, аймақтық компонент.
Пәнаралық байланыс: Тарих, А. Ә. Д, саясат, экономика, әлеуметтану.
Көрнекілік: слайд, интерактивті тақта, буклет, сөздер жазылған кюветка.

Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. Ұлы Жеңіске мың тағзым!
3. Пікір – талас
4. Қорытынды

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар. Біздің сабағымызға қош келдіңіздер. Биыл Ұлы Отан Соғысына 70 жыл толады. 9 - мамыр жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов және де өз жерлестеріміз Василий Бунтовских, Петр Журба, Мұхамедқалым Шаяхметов, Мусин Әбілқайыр, Ахмедкәрім Ахмадиев, Құмаш Нұрғалиев, Ықиев Жүнісқали т. б бар.

Күршімнен майданға 7658 адам аттанды. Оның 2475 оралған жоқ, жарақаттан қайтыс болғаны 574 адам. Сұрапыл күндер алыстаған сайын ардагерлер де азая түседі. Елін қорғаған ерлер есімі мәңгі сақталады.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

1 - Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

1 - Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Батырлардың ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді оқушылардың пікір таласына береміз!
ІІ. Кезең
Таныстыру
Пікір – талас
Тақырыбы:« «Ұлы Отан соғысы» деген ұғымды «ІІ Дүниежүзілік соғыс» деген атпен алмастыру дұрыс па? бұрыс па?»

Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:
Тарих пәнінің мұғалімі: Акчаганова Кульзия
ҚР мәдениет саласының үздігі, аудандық мұражайдың басшысы: Нүрзияш Дүкенқызы.

Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:
Қатысушылар
«Парасат» тобы. (Жақтаушы)
«Ақиқат» тобы (Даттаушы)
Әрбір спикердің сөйлеу тәртібі уақыты 3 минуттан.
Алдымен «Ақиқат» тобы
«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.
«Ұлы Отан соғысы» деген ұғымды «ІІ Дүниежүзілік соғыс» деп алмастыру дұрыс.

«Парасат» тобы
Жақтаушы «Ұлы Отан соғысы» деген ұғымды «ІІ Дүниежүзілік соғыс» деп алмастыру дұрыс емес.
Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

Жақтаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.
Әрбір спикер 3 минут шегінде ой тарқатады.
Сөздерін түйіндейді.
ІІІ. Кезең
Негізгі бөлім.
Бірінші болып бастайтын:
1. Парасат тобының І спикері
2. Ақиқат тобының І спикері
3. Парасат тобының ІІ спикері
4. Ақиқат тобының ІІ спикері
5. Парасат тобының ІІІ спикері
6. Ақиқат тобының ІІІ спикері

IV. Кезең. Қорытындылау.
Сабағымызды қорытындыласақ.
Ал енді сарапшыға ойын тыңдау үшін сөз береміз.
Тарих пәнінің мұғалімі: Акчаганова Кульзия
ҚР мәдениет саласының үздігі, аудандық мұражайдың басшысы: Нүрзияш Дүкенқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Рахмет! Бүгінгі дебатқа қатысқан оқушылардан құралған парасат тобы мен ақиқат тобының қайсысы басым түскенін анықтасақ. Ортаға қатысушыларға топтың аты жазылған дөңгелекшелер таратылады. Әр қатысушы өзіне ұнаған топтың атын көтереді. Парасат тобы қызыл түсті дөңгелекше ал ақиқат тобы көк түсті дөңгелекше. Қатысып отырғандар таңдау жасап 1 топқа дауыс береді.

Жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?
Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды.

Осымен сіздерге арнаған «Жеңіске жеткен Ұлы күн» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келгендеріңіз үшін рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Сау болыңыздар!
9 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін
Жұлдызды эстафета
Жұлдызды эстафета
Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру, Отанды сүюге, елін, жерін қорғауға, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын нығайтуы, қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×