Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихымен таныстыру; соғыстың басталуы туралы мәлімет беру; Қазақстанның соғыс жылдарындағы маңызының артуы туралы білімді тереңдету, қазақстандықтардың жеңіске қосқан еңбекте - тылдағы, майдандағы үлестері туралы мәлімет бере отырып, ерлікке, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тақырыптық рефераттар, сызба – «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның маңызының артуы», тест сұрақтары, үлестірме.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу, әнұран орындау.

ІІ. Үйге берілген тапсырма бойынша жұмыс.
1. Оқушыларға топтық тапсырмалар беру.
І - топ. Үй тапсырмасы бойынша түсінік әңгіме.

ІІ - топ. Тест сұрақтарына жауап беру.

ІІІ - топ. Тұлғалармен таныстыру. Репрессия құрбандары: Т. Рысқұлов, Ж. Аймауытов, С. Асфандияров, О. Жандосов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов т. б. туралы рефераттар, буклет, суреттер мен жұмыс (үй тапсырмасы бойынша).

IV - топ. Терминологиялық жұмыс.
а) Дислокация (Фр.) diclocation - 1. Бейбіт уақытта жаяу әскер мен әскери мекемелердің өз аумақтарында жайғасуы; 2. майданда әскер мен әскери мекемелердің бөлініп орналасуы.
ә) Демилитарландыру – халықаралық шарттың негізінде белгілі бір аумақтағы әскери құрылыстар мен өнеркәсіпті жою, әскери базалар мен әскер ұстауға тыйым салу.
б) Отан соғысы – агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті азаттық күрес (Ресейдегі 1611 - 1612жж. 1812 ж. КСРО - дағы 1947 - 1945 жж.).
Сол сияқты: Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939 ж. 1 қыркүйек – 1945 ж. 2 қыркүйек; 2 майдан (1944. 07.); Квантун армиясы; Сөзсіз тізе бүгу; Керзон шебі; Контрибуция терминдеріне түсінік беру.

ІІІ. «Кім жылдам?» - ойын.
а) термин сөздермен таныстыру.
ә) сызбаны толтыру: «Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері».
Диктаторлық жеке билік – тоталитарлық тәртіптің көрініс беру түрлері:
1. Экономиканың шикізаттық бағытта қалыптасуы;
2. Ассимиляциялы саясат. Шынайы егемендіктің болмауы.
3. Концлагерлер құру. Жаппай қуғын - сүргін жүргізу (3, 5 млн. адам азап шекті).

IV. Қорытынды.
Оқушылардың білімін бағалау.

V. Жаңа сабақпен таныстыру.
Базалық білім:
1. 1922 ж. 10 сәуір. Генуя конференциясы. 34 ел қатысты. (1922 ж. 16. 04. Ресей мен Германия жасырын келісім жасады).
2. 1924 - 1925 жж. КСРО - Англия, Франция, Италия, Жапония, Австрия, Норвегия, Швеция, Дания, Грекия - дипломатиялық қатынастарды орнатты - оқшау - лануы ұзаққа бармады.
3. 1928 ж. 25 тамызда Парижде Бриан-Келлог фактісіне 49 ел қол қойды.
Фашистік мемлекеттердің көздеген соғысы жоспарлары:
Жапония - Қытай, Монғолия, Оңтүстік Шығыс Азия, Үндістанда үстемдік етуді көздеді. 1931 - 1932 жж. Жапония Қытайда «Қуыршақ мемлекет» құрды.
1933 ж. 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шықты.
Париж конференциясында 1919 ж. 18 қаңтарда құрылған Ұлттар Лигасы Халықаралық қатынастар мәселесімен шұғылданып келді.
Италия 1935 ж. Эфиопияны жаулап алды.
Германия бүкіл Еуропа мен дүниежүзін жаулап алуды көздеді.
1937 ж. «Берлин - Рим - Токио өзегі» одағы құрылды.
1939 ж. Қыркүйек, кеңес - герман «Достық және шекара» бір - біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім КСРО - ның халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Есесіне Германия екі майданда соғыспау қаупінен құтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1. 09. 1939ж. Польшаны оккупациялаудан басталды. Өз тарихында Польша төрт рет бөліске түсті.
Кезек Финляндия мен Прибалтикаға келді.
Картамен жұмыс.
1940 ж. 18 желтоқсанда фашистік Германия «Барбаросса» жоспарын жасады.

Мақсаты:
1. КСРО - ға соғыс ашу.
2. Соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. Бірнеше рейхкомиссариатқа бөлуді көздеді:
а) Остланд - Белорусь - Балтық
ә) Украина
б) Московия - Ресей
в) Кавказ
г) Орал - Еділ
д) Гросс - Түркістан (Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башкирия, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның солтүстігі).
Фашистік Германияның «Қуыршақ мемлекет» құрудағы көздеген экономикалық – саяси мақсаттары:
1. Ұлы Германия империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын жасау.
2. Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа салу.
1941 ж. 22 маусымда фашистік Германия КСРО - ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталып...

VІ. Сабақты бекіту.
1. Оқушылардың тақырып бойынша тапсырмалар орындауы.
2. Тест сұрақтарына жауап беру.
3. Үлестірме сұрақтары бойынша жауаптар алу.
4. Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма.
1. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
2. Баяндама, рефераттар дайындау.
3. Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру.
5 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Ұлы отан соғысының басталуы және КСРО – ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру. 2. Ерлік батырлық, деген сөздерінің мәнін түсінуге үйрету.
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Ұлы Отан соғысы және физика. Соғыс жылдарындағы стратегиялар мен қару - жарақтар
Ұлы Отан соғысы және физика. Соғыс жылдарындағы стратегиялар мен қару - жарақтар
Шығыс Қазақстан облысы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме тарих пәні мұғалімі - Жумабекова Г. Б. физика пәні мұғалімі – Бимбетова А. Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×