Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениетін оқушыларға Қайталата отырып, білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруін жүзеге асыра отырып ойлау қабілетін арттыру, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың Отан тарихын зерттеуге белсенділік іс - әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Ой шақыру:

ІІ Қайталау сабағын жоспарлау.
1. Қалалық мәдениеттің дамуы.
2. Х - ХІІ ғ. ғ қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы.
3. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
4. Дін және мәдениет. Исламның таралуы.
5. Ғылым мен білімнің дамуы.

І тапсырма.
Терминдерге анықтама беру.
Қыш құмыра өнері -
Ғаныш -
Зергерлік кәсіп -
Айырбас сауда -
Ақша айналымы -
Ташнау -
Рабад -
Цитадель -
Шахристан -

ІІ тапсырма. Дискуссиялық сұрақтар
«Келісемін», «Келіспеймін»
1. Қала тұрғындары көбеюі салдарынан тұтыну бұйымдары өндірілмеді.
2. Қазақстан жерінен қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған жоқ.
3. Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі - шыңы болды.
4. Сәулет өнерін ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп айтуға болады.
5. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптердің бірі - шыңы болды.
6. Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүрді.
7. Қала маңындағы егін егуге қажетті жер сауданың дамуына байланысты игерілмеді.

ІІІ тапсырма. Тарихи сынақ хат.
Орта ғасырлардағы қолданбалы өнердің материалдары сары топырақ пен ғаныш болды. Сәулетті архитектуралық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Діни кешендерге мешітті, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесің сақтаған ескерткіштер - Бабаджа қатын мен Айша бибі кесенелері. Археологиялық жұмыстар кезінде Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс моншасы табылған. Арыстан - баб діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған. Бабаджа - қатын кесенесі - күйдірілген кірпіштен салынған, әсем күмбезді ғимарат. Айша - бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары оюлы терракот кірпіштермен қапталған.
Археологилық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.

ІV тапсырма. Тұлғаны таны.
1. «Арабша, Тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналаық жинақ». Бұл кімге қатысты айтылған? (Жүсіп Баласағұни 1021 - 1075)
2. Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым? (Әбу Насыр әл - Фараби 870 - 950)
3. Араб тілін жетік білген ғұлама ғалым, саналы ғұмырын туған елінің, халқының тілін зерттеуге арнаған данышпан? (Махмұд Қашқари 1030 - 1090)

V тапсырма. Сиқырлы қоржын.
1. Арабтар «дін үшін соғысты» қашан бастады? 633ж
2. 714ж Шашты басып алған араб қолбасшысы? Кутейба ибн Муслим
3. Атлах шайқасы қай жылы болды? 751ж
4. 960ж Қарахан мемлекетінде болған оқиға? Ислам діні мемлекеттік дін болды.
5. Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегін ата? «Құт негізі білік»
6. Қалалардағы құрылыс жүйесінің жаңа түрлерін ата? Мешіт пен шығыс моншасы.
7. «Бақытқа жету» атты философилық туындының авторы? Әл - Фараби.
8. Иасыда туған шығыстың көрнекті ғалымы? Қожа Ахмет Иасауи
9. Қоржын үйлер деген не? Қатар жасалған, бір - бірімен байланысты үйлер.

Тест
1. Оғыздардың тотемі;
А) Бұғы
В) Киік
С) Қой
Д) Көкбөрі

2. Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер табылды?
А) Құйрықтөбе
В) Ақтөбе
С) Сайрам
Д) Талғар

3. Орта Азия мен Қазақстанда ислам діні кеңінен тарай бастады?
А) Арабтардың келуімен
В) Қарлұқтардың келуімен
С) Оғыздардың келуімен

Д) Қытай әскерінің келуімен
4. 714жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы?
А) Кутейба ибн Муслим
В) Насыр ибн Сейяр
С) Фазлан
Д) Зияд ибн Салих

5. Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты?
А) VIII ғ ортасы
В) Хғ аяғы
С) VIIғ басы
Д) Хғ басы

6. Хғ Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғалым?
А) Әл Фараби
В) Әл Бируни
С) Әл Макдизи
Д) Махмұд Қашқари

7. Тотем;
А) Құрбандыққа шалынған жануар мен тұмар
В) Қасиетті ошақ
С) Шыққан тегін жануармен байланыстыру
Д) Ұмай Анаға сену

Үйге тапсырма:
1. Х - ХІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениетін -
Х – ХІІ ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениетімен салыстыра отырып, Венн диаграммасын толтыру.
2. Ұлы ғалымдар туралы қосымша мәліметтер жинап келу
6 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспарлары. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
Күнделікті сабақ жоспарлары. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
Тарих пәні бойынша күнделікті сабақ жоспары
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы Конспект Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе,
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Тарих пәні мұғалімі: Молдахметова С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×