Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түрік қағанаты (552 - 603 жж)

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тарих
7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Тақырыбы: Түрік қағанаты. (552 - 603 жж)
Мақсаты:
1. Алғашқы феодалдық мемлекет ретінде түрік қағанатының құрылуы, аумағы және билеушілері, саяси және шаруашылық жағдайы, мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат беру.
2. Саяси тәрбие беру.
3. Түркі мәдениетінің қалыптасуы туралы айта отырып, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: Карта, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Қайталау тапсырмалары:
6 сынып бойынша:
1. Ертеде Қазақстан аумағында қандай тайпалар мекендеген?
2. Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалар бірлестіктерінің қандай ұқсастықтарын білесіңдер?
3. «Халықтардың жаппай қоныс аударуының» себептері неде деп білесіңдер?
4. Көшпелілердің өмірін суреттеп жазған қандай тарихшыларды білесіңдер?
5. Қазақстанның ерте кездегі тарихын зерттеген қазіргі қандай ғалымдарды білесіңдер

ІV. Жаңа сабақ. Ақпарат беру.
Жоспары:
1. Түрік қағанатының құрылуы. Жер аумағы.
2. Халқы.
3. Шаруашылығы
4. Мәдениеті
5. Түрік қағанатының ыдырауы.
V. Жаңа сабақ бойынша жұмыстар:
1. Картамен жұмыс. Түрік қағанатының аумағын, билеушілері жүргізген жорықтарын көрсету.
2. ОСКТ арқылы Түрік қағанатының құрылуы – сипаттама беру.
3. Шығармашылық жұмыс. Қағанаттың мәдениеті мен түркі мәдениеті туралы не білемін? эссе жазу.
Үйге: §1.

Түрік қағанаты
1. Хронологиясы - 552 - 603 жж
2. Тарихи дерек - Қытай жылнамаларында 542 ж бері белгілі
3. Алғашқы кездегі түрік қағанатындағы жағдай:
3. 1. 545 жылдан - түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, бейбіт қарым - қатынас орнайды
3. 2. Жужан(авар) қағаны Анағұй қаған мен Бумын қаған арасындағы жанжалдың туындауы.
3. 3. Бумын қағанның қытай әмірінің қызына үйленуі.
3. 4. 552 ж Жужан қағандығы жеңіліп, Анағұй қаған өзін - өзі өлтіреді.
3. 5. Бумын қаған – «елхан» деген атақ алады, бірақ сол жылы қаза табады.
4. Түркі билеушілері:
4. 1. Қара – Еске қаған – Орхонның жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді.
4. 2. 1. 552 - 554 ж Қара - Ескенің інісі Мұқан қаған кезінде жужандар мүлдем жеңілді.
4. 2. 2. Түріктер Ұлы Даланың Шығыстағы қожасына айналды.
4. 2. 3. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықтағы тайпаларды, шығыста Сары өзенге дейінгі қай(татабтар), қидан, оғыз - татар т. б. тайпаларды бағындырды.
4. 2. 4. Қытай елінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сыйлықтар жасаған, жылына 100 мың тең жібек матасын төлеген.
4. 3. Тобо қаған тұсында 570 - 80 жылдары қытайдың екі жағымен де жақсы қарым - қатынас ұстап, шығыстағы саяси ықпалы күшті болды.
4. 4. 1. Бумын қағанның інісі Иштеми қаған 10 түмен қол бастаған қолбасшысы болған.
4. 3. 2. Иштеми ху елін(соғдылықтарды) жаулап алуға аттанып, Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырған.
5. Түрік қағанатының аумағы:
5. 1. 555 ж өзінде Арал теңізіне дейін жеткен.
5. 2. Аз уақыттың ішінде Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аумақты жаулап алған.
5. 3. Эфталиттерден(Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі) қатты қарсылық көріп, 563 - 567 жылдары жаулап алған.
5. 4. VІ ғ 70 - ж Солт. Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.
6. Халқы:
6. 1. «Теле» көптеген түркі тілдес халықтардың ортақ атауы. «теле» мен «түрік» сөзі бір мағына береді.
6. 2. Түрік қағанатының құрамында 30 дан аса теле тайпасы болған.
7. Шаруашылығы:
7. 1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
7. 2. Қытаулары – Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария ірі өзен бойларында болған.
7. 3. Жер өңдеу кәсібінің болғанын дәлелдейді – тұрақты үй - жайлар, Тараз қаласының маңынан түріктердің қыстақ - кенттері табылды.
8. Мәдениеті:
8. 1. 1Баспаналары – киіз үй.
8. 1. 2. Қыстауларда – қазылған жер кепе немесе тастан, ағаштан, қамыстан жасалған тұрақ - жай.
8. 2. Жерлеу дәстүрі: мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойған.
8. 2. 2. Түріктердің отқа табыну салты Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінеді.
9. Түрік қағанатының ыдырауы:
581 ж қағанаттың өз ішінде билік үшін тартыс күшейіп, 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 250
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар) Конспект Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейінің тарих пәні мұғалімі Сүлейменова Әсемгүл Набиоллақызы
Түрік қағанаты
Түрік қағанаты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі Самаликова Жанылсын Шахидоллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×