Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Мақсаты: 1. Білімділік: ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы қазақ ауылдарының жағдайы мен қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық түрлеріне тоқталу, күнделікті тұрмыс - тіршіліктеріне, кәсіптері жайлы баяндау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдамаларын толық және мәнерлі жеткізе білу қасиеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін ашу
3. Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтар мен салт - дәстүрлерді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Модульдік технологиясының элементі: «Аквариум» тәсілі
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, атаулар жасырылған А4 пішінді қағаздар, Терминдер жазулары, кәсіп түрлері жазылған плакат, сарапшылыр парағы, жетондар
Әдісі: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыстар: география, қазақ әдебиеті, қазіргі өмірмен байланыстыру

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын «аквариум» әдісі арқылы сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Қорытындылау.

Сынып 4 топқа бөлініп сосын шеңбер немесе шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өздерінің қөзқарасын білдіретін «өкіл» сайлайды. «Өкілдер» тапсырмалар алып, әрқайсысы өз тобының намысын қорғап, сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері өз өкілдеріне көмектесіп, нұсқаулар бере алады. Аса күрделі жағдайларда «өкіл» «тайм - аут» алып, өз тобына келіп ақылдасады. «Тайм - ауттар» саны (1 - 3)
«Өкілдердің» жауаптарын дұрыс - бұрыстығын анықтайтын арнайы сыншы - сарапшылыр тағайындалады.

Топ аттары: « Алғадай», «Кенесары», «Қабанбай», «Махамбет»
« Алғадай» тобының тапсырмасы: «Қазақ - жоңғар соғысы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы» (100 ұпай)
«Кенесары» тобының тапсырмасы: «Әбілқайыр ханның Ресей билігін мойындауы» (100 ұпай)
«Қабанбай» тобының тапсырмасы: «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» (100ұпай)
«Махамбет» тобының тапсырмасы: «XVIII ғасырдағы сауданың дамуы» (100 ұпай)

«Алғадай» тобының өкіліне сұрақтар:
1. Тархан, «қара сүйек», құн, зекет сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. Ғұбайдолла Уәлиұлы туралы не білесің? (50 ұпай)
3. Кенесарының Ташкентке жорығының кенеттен тоқтауының себебі, Кенесары сарбаздарының саны қанша болды?(80 ұпай)
4. «Тұлғаны тап» Бұнда қойылған сұраққа оқушы өзі 30, 40, 50, 60, 100 ұпайларының біреуін белгілейді, берген жауабы қате болса сол белгіленген ұпай «өкілден» алынады.
Бұл тарихи тұлға қазақтан шыққан тұнғыш генерал - майор, 1842 ж алғаш қазақ даласында мектеп ашты, ағашты сындырған адамға 50 рет дүре соғуға бұйрық берді.

«Кенесары» тобының өкіліне сұрақтар:
1. Редуттер мен форпостар, Амурлар, қожа, құшыр, Алғадай сөздеріне анықтама бер(30 ұпай)
2.«Шоқынған қазақтар» дегеніміз кімдер және олар болашақта қай тарихи оқиғаға қатысады және Байсақал Тілекұлы деген кім? (50 ұпай)

3. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуына тоқтал (80 ұпай)
4. Бұл тарихи тұлғаны 1785 жылы тақтан тайдырды, одан әрі оны 1790 жылы Уфаға жер аударып, сонда қайтыс болады

«Қабанбай» тобының өкіліне сұрақтар:
1. «Ақ базар», «сал - сері», ламаизм, қонтайшы сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. А. С. Пушкиннің Қазақстанда болуының басты мақсаты. (50 ұпай)
3. 1842 жылы Исатай мен Махамбеттің көтерілісін кімдер жалғастырды?(80 ұпай)
4. Ол 1802 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келді, 1841 құлатылған «Хандық кеңесті» қайта құрды, 1838 ж Ақмола бекінісін өртеп жібереді

«Махамбет» тобының өкіліне сұрақтар:
1. И. Г. Ренат, «қарлығаш би», жұт, төлеңгіт, сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. Кенесары Қасымұлының көтерілісінің басты төрт себебі және басқа көтерілістерден ерекшелігі неде? (50 ұпай)
3. Ресейлік ғалымдар Кенесары ханды кімге теңеді? (80 ұпай)
4. Бұл тарихи тұлға «төреден» шыққан, әйел бола тұрса да ағасы хан Кененің арнайы барлау жасағын басқарды, ағасымен бірге иық тіресіп орыс әскерлерімен шайқасты.
Ойын соңында сарапшы ең үздік «өкілді» және топты анықтайды, жинаған ұпай сандарын белгілейді
Жаңа сабақ
Жоспар
1. Қазақ ауылы
2. Қазақтың тұрғын үйлері
3. мал шаруашылығы
4. Халықтың мал емдеу тәсәлі
5. Егіншілік кәсібі
6. Аңшылық
7. Балық аулау

Қазақтар шағын елді мекендерде - ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5 - 20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туысқандардан құралды. Әр отбасындағы жан шамамен - 5 - 7 адамнан келді. Ауылды жасы үлкен, би немесе құрметті ақсақал басқарды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Семей ішкі округінің құрылуы
Семей ішкі округінің құрылуы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің Тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×