Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарахан мемлекеті

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік, жерге меншіктік қатынастар, салықтар мен міндеткерліктер, мемлекеттік – әкімшілік құрылыс жөнінде түсінік беру.
- Өз елінің тарихын құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың тарихи оқиғаларға көзқарастарын қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жүргізп ой қорытуға дағдыландыру.
Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымдарын кеңейту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СКТ технологиясы негізінде талдап, түсінуге бағыттау. Түрлі танымдық тапсырмалар орындату
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі\түстер арқылы топтарға бөлу\
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Топтарға тапсырма мазмұны:
Диктант түрлерімен жұмыс

І топ. Тарихи хатты аяқта
1. Түрік этнонимі ------------ жылнамаларында ------ жылдан бері белгілі. Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі ------ жылдан басталады.
2. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтар болды. Олардың ішінде басым көпшілігі -------------- тайпалары көптеген түркі тілдес тайпалардың атауы.
3. Қағандықта сот істерін ----------------- мен ---------------- атқарған.
4. Қағандықтағы жоғарғы лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілінің қолында болған. Оларға --------------- сияқты атақтар беріліп отырған.
5. 715 - 738жж.---------------- қаған билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейді.

ІІ топ. Хронологиялық диктант
Түрік қағандығы құрылды -?
Түргеш қағандығында Сұлу қаған билік етті -?
Қарлұқ қағандығы өмір сүрді -?
Қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды -?
Оғыз мемлекеті өмір сүрді -?

ІІІ топ. Сандық диктант
1. Қытай мемлекетінің бір бөлігі түріктерге жылына ------- тең жібек матасын төлеп тұрған.
2.”---- оқ будун”басқару жүйесі Іле, Шу өзенінің аймағындағы тайпаларда болған.
3. Сары және қара түргештер арасындағы
күрес ------ жылға созылды.

І топ.
Сөзжұмбақ
 1. Оғыз қоғамындағы шонжарлар атауы қаңқаш
 2. Ұйғыр қағанатынан 1Х ғас. басында жеңілген ел Қарлұқ
3. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық соғды
 4. Х - ғасырда қимақтарда тараған дін ислам
 5. Түргеш қағанатының Іле өзені бойында орналасқан қаласы Күнгіт
 6. Батыс Түрік қағанатын алғашқы кезде басқарған қаған Тардуш
 7. Түрік қоғамында құлды қалай атаған тат

ІІ топ.
“Кім жылдам?” ойыны
“Теле” сөзінің мағынасы түркі
Батыс Түрік қағанатында”Қара бұдындар” деп атаған Қарапайым халықты
Түріктерде әулие әйел ана Ұмай
Оғыз әскер басшыларының лауазымы Сюбашы
Оғыздарда шонжарлар кеңесі қалай аталады? Қаңқаш
Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы Алакөл
Қарлұқтардың ұйғырларға қарсы күресі созылды 20жылға
Арабтар “сүзеген”деп атаған қаған Сұлу
Қимақтарда жазу құралы қамыс
Қимақ пен Қарлұқ кезеңінде басым болған ғимарат түрі Дың ескерткіші
Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан Шахмәлік
Деректерде б. з. Ү ғасырында тирек тайпаларының құрамында кездесетін тайпа Қарлұқ

ІІІ топ.
Ерте орта ғасырлық мемлекеттер тақырыбын суретке қарап, меңгерген біліміне қарай қорытындылау

ҮІ – ІХ ғасыр ерте орта ғасыр кезеңі қазақ деген атау жоқ, бірақ тайпалар бірлесу жағдайында болды. Бірнеше мемлекеттік даму сатыларынан өтті. Әлеуметтік – экономикасы дамып, Ұлы Жібек жолының бойында ірі қалалар көбейді. Қалалық отырық - шылық мәдениет қалыптасты. Қала және дала тұрғындары байланысында отырықшылық, жартылай отырықшылық мәдениет п. б. Материалдық, рухани мәдени өмірде жаңалықтар пайда болды. Архитектуралық құрылыста жаңа ғимараттар бой көтерді.
Түрік тіліндегі жазу өркендеп, жазба әдебиеті дамыды. Жаңа діни әдет - ғұрыптар пайда болды.
Төрт ғасыр шамасында Қазақстандағы түрік әлемі қоғамдық - әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағынан бір саты болса да алға қарай қадам басты.

Жаңа сабақ
Дамыған орта ғасыр
Х - ХІУ ғасыр
Жоспары:
1. Қарахан мемлекетінің құрылуы
2. Қоғамдық құрылысы
3. Мемлекеттің саяси жағдайы
4. Шаруашылығы
5. Мәдениеті
Топтарға тақырыптарды бөлу. Оқушылар жеке, жұпта, топта оқып талдау арқылы постер құру, түсіндіру тапсырмасын СКТ негізінде орындайды. Жұмыс дәптерлерінде бос тұрған орындарды түсініп оқығаннан кейін толтырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Қарахан мемлекеті (942-1212ж.ж.)
Қарахан мемлекеті (942-1212ж.ж.)
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×