Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не? Қайда? Қашан?

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
«Не? Қайда? Қашан?» Брэйн - ринг
6 сынып (сабақтан тыс іс - шара)
Мақсаты:
 Білімділік: брэйн - ринг тәсілі арқылы оқушылардың Ежелгі Қазақстан тарих пәнінен алған білімдерін сынау
 Дамытушылық: жылдам ойлау және сауатты жеткізе білу, топпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру
 Тәрбиелік: іздемпаздыққа, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, тарихқа деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта
Қатысушы: 6 А, Б сынып оқушылары.
Топтың аттары: «Ғұн», «Сақ» тобы.

Ойынның кезеңдері:
I. Не? Қайда? Қашан?
II. Кім жылдам?
III. Тапқыр болсаң, тауып көр
IV. Ойлан, тап
V. Кім картаны жақсы біледі?
VI. Капитандар сайысы
Ойын қорытындысын шығару.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.
«Не? Қайда? Қашан?» тақырыбы аясында өтетін брэйн - ринг интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жатқанда елің еркін азат болып,
Әркімге жүрмеу үшін мазақ болып.
Халқыңның өткенін біл, жұртын таны
Сен сонда көгересің қазақ болып.- дей отырып бүгінгі ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық
Оқушылар кіреді. Әртүрлі түсті қағаз қиындылары таратылады. Орындарына отырады.
Бүгінгі ойынға әділ бағасын берер әділ қазылармен таныс болыңыздар.
----------------------------

Ойынға қатысып отырған 6 «а», 6 «б» сынып оқушылары ортаға шығып тобын таныстырады

«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.
1 тур. Не? Қайда? Қашан?

Ғұн тобына
1. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі (Тобыр)
2. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы: (епті адам)
3. Орта тас ғасыры қамтитын кезең (б. з. б. 12 - 5 мың жыл)
4. Жер бетінің күрт суый бастауы басталды (100 мың жыл бұрын)
5. Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы (Микролит)
6. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл (Мыс)
7. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала. (Қызыл Аңғар)
8. Ғұн державасының негізін қалаған (Мөде)

Сақ тобына
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
2. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі (Синантроп)
3. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең (б. з. б. 5 - 3 мың жыл)
4. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары (Жануарлардың сіңірлері)
5. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауы (Көзе)
6. Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы (Азиялық скифтер)
7. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері (Қытай деректері)
8. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы (Әскери демократия)

ІІ тур Кім жылдам?
Берілген сөздерден сөйлем құра
1 - топ.
пен Қытайда берген Питекантроп тік деп Питекантроп ат аралынан атаған табылған Синанатроп табылғандықтан Ява қытай адамдар адамы Солтүстік жүретін синантропты деп
2 - топ.
алғаш кроманьондық табылған сондықтан саналы сүйегі алғаш Кро - Маньон атаған адамды үңгірінен рет саналы Францияның деп адамның

Жауаптар:
1 - топ.
Питекантроп пен синантропты тік жүретін адамдар деп атаған. Питекантроп Ява аралынан табылған. Синанатроп Солтүстік Қытайда табылғандықтан қытай адамы деп ат берген.
2 - топ.
Саналы адамның сүйегі алғаш рет Францияның Кро - Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атаған.

ІІІ тур. Тапқыр болсаң, тауып көр
Таратылған қағаз қиындыларын құрап, шыққан суреттер бойынша тарихын сипаттап береді

ІV тур. Ойлан, тап.
(алдын ала дайындалып қойылған 5 сынып оқушыларының видео сұрақтары беріледі)
1. Шырақ өз денесін жаралап, парсыларға сақтардан кек алып берем деген айламен алдап соққандығын жазатын қай елдің тарихшысы?
2. Аттиланы бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін айтатындығын. Қараған жерін тесіп өтетіндей көзқарасы сұсты және қозғалысы шапшаң, сенімді деп сипаттаған қай елдің елшісі?

V тур. Кім картаны жақсы біледі?
(интерактивті тақтадан әр топқа Қазақстан мен Дүниежүзі картасы көрсету арқылы берілген сұрақтарға жауап қайтара отырып, картадан белгілейді)
1 - топ.
1) Үйсіндердің Қазақстанның қай бөлігінде мекендеген?
2) Сарматтардың орналасқан аймағы?

2 - топ.
1) Синантроп қай жерден табылған?
2) Епті адам қай жерден табылған?

VІ тур Капитандар сайысы
Берілген сұрақтарға жауап береді

Ойын қорытындысын шығару. Жеңген топқа мақтау қағаздарын тарату.
10 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
Тапқыр достар сайысы
Тапқыр достар сайысы
Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Интеллектуалды ойын бастауыш сынып оқушыларына.
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жаңқұлов Мейрамбек Шарапатұлы Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым, деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы. «Қазақстан - менің елім» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×