Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Мәдениеттану
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту, рухани кемелденуге үйрету;
3. Өз мамандықтарын сүйе білуге, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен
жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі және технологиялар: Интерактивті тақта, музыкалық материалдар, бейнероликтер, тақырыпқа сай слайдтар. Интербелсенді және сыни тұрғыдан ойлау технологияары.
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, рөлдік ойын, автор устелі, фишбоун, постер, музыка терапиясы.
Қолданылған әдебиеттер: Нағымұлы «Мәдениеттану» Астана 2007 ж, Ғабитов «Мәдениеттану», Кан, Шаяхметов «Қазақстан тарихы», Аманова Ғ. «Халықтық педагогика - даналық мектебі» Алматы, 2012 ж.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, аудиторияның және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. «5Т»- ның сақталуын еске түсіру: Тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.
Сабақтың дәйексөзі: «Ата салтың – халықтық қалпың» Халық мақалы
Елбасы Н. Назарбаев: Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтарды бойына сіңіруге шақырамын.
Қазақстан – 2050 «Мәңгілік ел» стратегиясы.

Білімді жан - жақты тексеру
1. Мәдениеттің негізгі бағыттары? (материалдық және рухани)
2. Ежелгі шығыс мәдениетінің ошақтарын ата? (ежелгі Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай)
3. Ежелгі Үндістандағы касталық жүйені ата? (Брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер, шудралар)
4. «Илиада», «Одиссей» поэмаларының авторы кім? (Гомер)
5. У. Шекспир шығармаларын ата? («Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ричард III» т. б.)
6. «Мәдениет» сөзінің орысша, ағылшынша айтып бер? (Мәдениет - культура - culture)
7. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпаларды ата? (Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар)

II. Білімдерді қабылдауға даярлау. Мақсат - міндеттерді құру.
Жоспары: 1. Салт дәстүрлер түсінігі, түрлері
2. Көрініс Қыз ұзатудан үзінді
3. Айтуға оңай... «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде салт - дәстүрді дәріптеу керек пе?»
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
Әдет - ғұрып - жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ қоғамдық тәртіп, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары.
Дәстүр – (латынша жапсыру, жалғастыру ) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт – сана, өнегелі өнер болып табылады.

III. Жаңа білімді меңгерту
1. Мағынаны тану
Тақырып бойынша слайд қорғау
1. Қыз ұзатып, келін түсіру салттары
2. Тәлім - тәрбие үлгі дәстүрлері
3. Тұрмыстық дәстүрлер
4. Еңбек, кәсіп дәстүрлері
5. Діни салттар, жерлеу салттары
6. Наурыз – ұлттық дәстүрдің нышаны
7. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер.
2. Көрініс көрсету. Қазақ халқының қыз ұзатудағы салт - дәстүрі бойынша қыздың жат жұртқа кетіп бара жатып, ел - жұртын қимай айтатын қоштасу әні сыңсу айту, үлкен әжесінің бата беруі.
Қарап отырсақ казактың әрбір сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен - ақ көз жеткізген боларсыздар.
3. Айтуға оңай...
Тақырыбы: «Салт - дәстүрді дәріптеудегі кейбір мәселелер жастар көзімен»
«Қыз ұзатып, келін түсіру салттарындағы кейбір мәселелер» - Қуандық
«Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрдің маңызы» - Самал

IV. Жаңа білімді бекіту:
Фишбоун (балық қаңқасы):

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 333
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтардың рухани мәдениеті
Қазақтардың рухани мәдениеті
Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетілдіру, қосымша деректерді пайдалана білуге үйрету; Халықтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Семей ішкі округінің құрылуы
Семей ішкі округінің құрылуы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің Тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×