Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылуы

03 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын білуге, тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, өз Отанына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:
“Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды ”
Н. Ә. Назарбаев
І. Ұйымдастыру.
(Сыныпты топқа бөлу, сабаққа дайындау)
1. Хандар тобы
2. Батырлар тобы
3. Билер тобы

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

1. Құпия ұяшықтар
“Этнос”
“Этнос” ұғымы
“Этнос” гректiң – еtnоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданылды. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi.

“Этноним”
2. “Этноним” ұғымы
Этноним (грек. etnos – халық, onyma – есім, атау) – ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары. Көне дәуірлерде этнонимдердер ұран, ру, таңба ретінде пайдаланылып, ру, тайпа, ұлыс, ел аттарымен, солардың ішінен шыққан рубасылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер - су аттары ретінде де қолданылған. Этнонимдер дербес мағыналы, көбінесе жинақтау, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер.

“Этногенез”
“Этногенез” ұғымы
Этногенез (грек. etnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этностық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мысалы: Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.

“Қазақ”
“Қазақ” атауы
Көптеген ғалымдар «Қазақ» сөзінің шығу тегін б. з. д 7 - 6 ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен «сақ», «қаз», «қас - пи», «хаз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.
Академик Н. Я Мар, чех ғалымы Б. Грозный, академик Ә. Х Марғұлан, тарихшы
Ш. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов, т. б осы пікірді қолдайды. «Қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» сөздері дейді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғаілімі Таупихова Клара

Слайдты жүктеу
7 579
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ хандығының құрылуы
Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Жезқазған қаласы, №133 негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы. Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×