Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өшпес тарих тағылымы

08 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде әдіскері
Дуйсекова Гульнар Ертішқызы

Ғылыми - конференцияның тақырыбы: “Өшпес тарих тағылымы”

Мақсаты:
1. Ғылыми - тәжірибелік конференциясының мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихы бойынша теориялық білім деңгейін және әдеби шығармашылық, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.
2. Білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел тарихы мен әдебиеті бойынша шығармашылық қабілеттерін анықтау, зерттеушілік және жобалау іс - әрекеттерін дамыту.
3. Тәуелсіз Қазақстан тарихын тереңдетіп оқыту.

Ғылыми - конференцияның көрнекілігі: Қазақ хандығы туралы бейне жазба, слайд, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар мен қолөнер көрмесі.

Конференция барысы
(Сахна сыртында қобыз даусы күңіреніп тартылады, сахна сыртынан жазылған дауыспен)
Видео жіберіледі ( аттың дүбірі, киіз үй).

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол бабамнан.

(Экраннан киіз үйдің көрінісі, «Сұлтандар кеңесі» деген жазу)

1 - жүргізуші: (сахна сыртынан жазылған дауыспен)
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 630
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 6 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 6 сынып
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6 - сыныптың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Әлихан Бөкейханов өмір тарихы
Әлихан Бөкейханов өмір тарихы
Әлихан Бөкейханов өмірі, шығармашылық жолы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін таныту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту.
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
“Алаш қайраткерлері мұраларындағы патриотизм тағылымы“ тақырыбы бойынша жасалған бағдарлама
“Алаш қайраткерлері мұраларындағы патриотизм тағылымы“ тақырыбы бойынша жасалған бағдарлама
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты  ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×