Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел тарихын білесің бе?

11 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Ел тарихын білесің бе?
/7 - 8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын/
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Ел тарихын білесің бе?» атты зияткерлік ойыны Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

І кезең «Миға арналған жаттығу» Командаларға 7 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді?

ІІ кезең «Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /
ІІІ кезең: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім??/Бөгенбай батыр/
2. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/

ІV кезең: «Капитандар сайысы» бұл кезеңде әр топтың капитандарына бір мезетте 20 - сұрақ қойылады, осылайша ең көп ұпай жинаған капитан жеңімпаз атанады:
1. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында? /9 орын/
2. Қазақстандағы облыстар саны қанша?/14/
3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/
4. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
6. Жер - ұйықты іздеген адам кім? /Асан - Қайғы/
7. «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы/
8. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
9. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 - 1466 жылдар/
10. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?/Жәнібек пен Керей/
11. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
12. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
13. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/
14. Кіші жүздің атақты биі кім?/Әйтеке би/
15. 1680 - 1715 жылдары ел билігін қолына алған қазақ ханы кім? /Тәуке хан/
16. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
17. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
18. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/
19. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/
20. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/

Әрі қарай 4 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады.
43 989
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×