Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - майдан арсеналында

15 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Балташева Б. Б.

Қазақстан тарихы
Тақырып: Қазақстан майдан арсеналында
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Кеңес - Герман соғысының тарихи маңызы, ірі шайқастары, Қазақстандықтардың жеңіскен қосқан үлесін, оның ішінде жерлестеріміздің есімдерін, өшпес ерліктерін дәріптеу. Ел есінде мәңгі сақталатындығын таныту.
Сабақтың міндеттері:
1. Кеңес - герман соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қайтпас - қайсарлықтың үлгісін көрсеткендігін, олардың ерліктерін насихаттау, тарихи танымдарын арттыру.
2. Оқушылардың осыған дейінгі білгендерін еске түсіре отырып, Еңбекшіқазақ ауданының халқының жеңіске қосқан үлесі, жауынгерлеріміздің өшпес ерліктері туралы қосымша деректермен таныстыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту және іздену қабілетін арттыру.
3. Оқушыларды Отан қорғау жолындағы батырлардың ерліктеріне бас ие отырып, өз елін, жерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: іздену, зерттеу сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойтолғау, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзі картасы, Ұлы Отан соғысының картасы, Р. Тоқатаевтың кітаптары, Еңбекшіқазақ ауданының батырларының және жерлестеріміздің суреттері, бейнесюжет И. В. Сталин.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Жоспары:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы
2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
3. Еңбекшіқазақ ауданының батырларының жеңіске қосқан үлесі
ІV. «Ой шақыру» сұрақтары:
1.«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
2. 1940ж. желтоқсанда қабылданған Гитлердің « Барбаросса» жоспарының мәні неде? КСРО – ны талқандап, шығыста «өмір кеңістігін» қамтамассыз ету.
3. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай ірі елдің құрамына енуі қажет еді? « Үлкен Түркістан»
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан қорғасын өндіруден нешінші орын алды? 1 - і
5. 1943 ж желтоқсан айында Алматы жастары өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс еткен ұшқыш? С. Луганский
6. Ұлы Отан соғысы кезінде алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер?. К. А. Семеченко
7. Кеңес Одағының батыры, қарағандылық Нүркен Әбдіров кім болды? Ұшқыш.

V. Жаңа сабақты меңгерту:
1. Бейнесюжет: И. В. Сталин – Гитлер хотел расчленить СССР.
Кеңес Одағы бойынша соғыста 27млн. адам опат болса, оның 13% қазақ
Қазақстаннан1196164 адам әскер қатарына алынды
Қазақстаннан 503 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 103 – і қазақ

2. Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды.
1. 1914 - 1918жылдары 38 мемлекет қатысты
2. 1939 - 1945жылдар 61 мемлекет қатысты.
Екі соғысқа ортақбелгі: халыққа қасірет әкелді, көп шығын болды, басқыншылық сипатта болды. Соғысты бастаушы ел Германия, жеңілген ел де Германия мен одақтастары.
1939жылы қыркүйекте КСРО мен Германия арасында бір - біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. 1940жылы Германия «Барбаросса» жоспарын дайындады.
Мақсаты: КСРО - ға соғыс ашу. Кеңес елін құлату, халқын құлдыққа салу, дүниежүзінде үстемдік орнату.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО – ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Германияның КСРО – ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО - ны 3 - 4 ай ішінде жаулап алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін»- әрбір кеңес адамы осы ұранмен еңбек етті. Өзге республикалар мен бірге қазақстандықтарда қатысты. Еліміздің қалаларында жиындар өткізіліп, фашистік Германияны айыптады. Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық алынса, әрбір бесіншісі майданға аттанды. Жалпы есеп бойынша 1млн 870 мың қазақстандық жаумен шайқасты. Соғыстың алғашқы күнінен бастап отандастарымыз ірі шайқастарға қатысып, ерлік көрсетті
Слайдтар бойынша соғыстың басты шайқастары, қазақстандық батырлар туралы баяндалады.

Мәскеу үшін шайқаста
316 атқыштар дивизиясы, генерал майор И. В. Панфилов, Б. Момышұлы, Төлеген Тоқтаров ерлігі
Қазақстандықтардың өшпес ерлігі
Ленинград үшін шайқаста
314 - ші атқыштар дивизиясы қорғады. Матросов ерлігін қайталаған Баймағанбетов

6 - қорғаныс шебі алынды. 27, 72, 73 дивизиялары ерліктің үлгісін көрсетті, ұшқыш Нүркен Әбдіров ерлікпен қаза тапты. Миноментші Қ. Сыпатаев Кеңестер одағының батыры.
Сталинград үшін шайқаста
4. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім»өлеңін оқу.
5. Кеңес Одағының Батыры саяси жетекші В. Г. Клочковтың әйелі мен қызына жазған хаттан үзінді. 25 тамыз 1941ж.
6. Әлияның сапураға жазған хаттары.
Зерттеушілік тапсырма (алдын ала берілген )
Оқушыларды 2 – топқа бөлемін.
Әр топ өздері дайындаған жұмыстарымен таныстырады.
«А» тобы
Р. Тоқатаевтың өмірі мен ерліктері туралы
Р. Тоқатаев атындағы орта мектептің мұражайынан мағлұматтар.
1. Суреттер сыр шертеді. Рақымжан Тоқатаев жайлы зерттеген жұмыстары.
Рақымжан қызмет ететін артиллериялық Қызыл тулы Станиславск атқыштар полкі Фульнек деревнясы түбінде бекініп, жауды бір адым да ілгері аттатпауға бұйрық алды. Жау атакасы таң алдында басталды. Зеңбірек гүрілі жер жарып, жақын маңның бәрін күңірентіп жіберді. Фашистік қарақшылар күшін аямай үсті – үстіне төгіп жатты. Міне, танкілер мен бронетранспортерлар колоннасы қара – құрттай қаптап, деревняға беттеп келеді. Дәл осы сәтте тасаға орналасқан Рақымжан зеңбірегі аузын жау жаққа бұрып ажал оғын себеледі. Алғашқы снаряд колоннаның орта тұсында келе жатқан дәу қара танкіге дәл тиіп, жалыны лап ете түскен ол бірден – ақ өртене бастады. Оңынан да, солдан да, ортадан да, ілгеріден де жалын лаулап, жанып жатыр. Бір мезетте ер жүрек екі зеңбірекшінің төбесінен оқ борады, бірақ сонда да олар абыржып сасқан жоқ. Дәл көздеп, қалт жібермей, дәл тигізе берді. Сөйтіп, осы ұрыста Рақымжан өзінің жәрдемшісі Федормен бірге жаудың 9 танкісі мен 4 бронетранспортерін жайратып салды. Бұл ерлігі үшін Рақымжан Тоқатаев пен Федор Керданға Совет Одағының Батыры деген құрметті атақ берді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 672
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік
Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы қарсаңында Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің елі, жері үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры - Рақымжан Тоқатаев туралы мәлімет беру.
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Ерлік - ел мұраты
Ерлік - ел мұраты
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының өміріне шолу жасау, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №165 С.Сейфуллин атындағы мектеп Тақырыбы: Сартай батырдың өшпес ерліктері Орындаған: Балдақов Нұрдәулет 11б сынып оқушысы Бағыты: Қазақстан өңірінің тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×