Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қылмыс және жаза

02 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
ОҚО, Төлеби ауданы,
«Құлағы нашар еститін балалар үшін
Ленгір қосалқы мектеп интернаты» КММ
Тәрбиеші: Медетбекова С.А.

Ашық тәрбие сағаты.
Бағыты: Азаматтық құқықтық тәрбие
Тақырыбы: Қылмыс және жаза
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы).

Білімділік мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Түзету жұмысы: Сөйлеу барысында сөйлемді толық аяқтауын және дыбыстарын қадағалау, сөздік қорын молайту.
Тәрбие сағатының түрі: Пікір алмасу, ой қозғау
Әдісі: Сұрақ жауап, жағдаят шешу көрініс
Көрнекіліктер: Бейне таспа, мақал мәтел, суреттер
Сөздік жұмыс: Сот - cот билігін атқарушы, Заңгер - пайда болған қиындықты шешуші. Тергеуші - қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы. Адвокат - қорғаушы. Үкім - сот шешімі.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Тіл бұрышымен жұмыс

III Күнделікті сөздер
- Құқық дегеніміз не?
- Заң дегеніміз не?
- Биыл Конституцияға неше жыл толды?
- Қ. Р - ның төл мерекелерін ата.
- Республика күні қай күн?
IV Жоспар.
V Жаңа сабақ
VI Бейне таспа
VII Ситуация туғызу
VIII Сұрақ жауап
IX Көрініс
X «Тәртіп орнат» ойыны.
XI Мақал мәтел
XII Қорытындылау

1. Жаңа сабақ.
Кіріспе:
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенменде, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдар мен, қоғаммен, мемлекетпен қарым - қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез - құлқы арқылы байқалады. Адамның ой - желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс - әрекет, мінез - құлық, ойдың, сана - сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың елегінен өтіп, арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.- Әрекет - бұл құқық нормаларының іс - қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс - қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

2. Бейне таспа.
Бейне таспа бойынша сұрақ жауап алу.

3. Жағдаят.
1. Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп, - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма, ұр, сазайын бер.
Мұғалім:
- Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?
2. Ермек 9 сынып оқушысы, күніге сабақтан қайтқанда, өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын, ұялы телефонын тартып алады. Бұл Ермекке әдетке айналған.
Мұғалім:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Ермек дұрыс істеп жүр ме?

4. Көрініс. «Соттың соңғы үкімі.»

5. Мақал мәтелдің мағынасын ашу.
1. Ұрлық түбі - қорлық
2. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
3. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
4. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
5. Заңды сыйлаған еркін жүреді.
6. Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.

6. «Тәртіп орнат» ойыны.
1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.
6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.

1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г.

7. Қорытындылау.
- Бүгінгі ашық тәрбие сағатынан нені білдіңдер, нені ұқтыңдар?
Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша өз ойларын тиянақтау.
- Қылмыс атаулыға бармаймыз
- Білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға жаман сөз келтірмейміз
- Сіздердің берген білім мен тәрбиені өмірде дұрыс қолдана білейік.
- Ата - анамызды және достарымызды құрметтейміз.
- Қазақстан Республикасының елін, жерін, халқын әркез қорғаймыз.
Оқушыларды бағалау.
20 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизм
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №22 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Тілекбаева Айнур
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі
Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД, нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, ұрлық, т. б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тәрбие мен сананың, жігердің жетпей тұрғаны.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×