Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Семей ішкі округінің құрылуы

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің
Тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы

Тақырыбы: Семей ішкі округінің құрылуы
Мақсаты: Оқушыларға қорытындылау сабағында халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді сонымен қатар саяси экономикалық жағдайын түсіндіріп бойларына сіңірту.
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық әдет – ғұрпы мен салт - дәстүрлері, қазақтардың саяси - экономикалық жағдайлары туралы кең көлемді мағлұмат беру.
Дамытушылық: өй - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты, саяси экономикалық жағдайларын құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, талдау, интерактивті, сұрақ - жауап.
Көрнекілік - құралдар: Оқулық, интерактивті тақта.
Жаңа сөздер: Міндеткерлер, Жол жөндеу салығы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, түгендеу. (2минут)
Үй тапсырмасын тексеру (15 минут)
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Әрбір топтан оқушылар сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Интерактивтік тақтада көрсетілген класстердің ішіндегі жануарлардың пірлерін атап беруі тиіс. 3 топқа сұрақтар қоямын.
1 топқа сұрақ
1 топтың жауабы
Түйе - Ойсыл қара
Қой - ешкі - Шопан ата
Сиыр - Зеңгі баба
Жылқы - Қамбар ата.

2 топқа сұрақ
Қазақтардың ойын - сауық түрлерін атап, олардың мағынасын қарастырамын.
2 топтың жауаптары:
Көкпар - ер адамдардың кеңінен тараған ойының түрі. Жылқының үстіне мініп, екі топқа бөлінеді. Серкенің терісін шеңбер құрып, соның ішінен тартып алған топ жеңеді.
Қыз қуу - ер жігіт пен қыз бала атқа шауып жөнеледі. Ер жігіт қызды қуып жетіп, бетінен сүйіп алуы тиіс.
3 топқа сұрақ:
3 топтың жауабы:
Өз туыстарының бірі бірінің баласын бауырына басып немесе асып алу деген мағынаны білдіреді.
Тамыр болу дегеніміз - мәңгілікке дос тату болуға ант беруді айтады. Оқушылар белсене қатысуы тиіс.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен әдет - ғұрыптарын тағы да айта кетемін. Қазақтардың қонақжайлылығы мен өзара көмек көрсету әдет - ғұрыптары туралы оқушылардан сұраймын. Сонымен қатар өткен сабағымызды қорытындылап, жаңа тарау бастайтынымды айтамын.
Жаңа сабақ: (20 минут) Семей ішкі округінің құрылуы
Жоспар:
Округтік приказдардың құрамында схема бойынша дәптерлеріне жазғызамын.
Міндеткерліктер - Жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрі.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, қорытындыға көшіп оқушылар мен бірге сұрақтарды талдаймыз.

Қорытынды: (3 минут). Қорытындылауға кітаптың 182 беттегі сұрақтарға жауап береміз, талқылаймыз. Қазақтар
Ертістің оң жағалауына қай кезден көшіп - қонып бастады?
Семей ішкі округінің жойылған жылы?
Осы округ жабылған соң, Оның аумағы Павлодар және Өскемен уездері Омск округінің құрамына қосылғаның қорытындылап, бекітуде не себептен құралғаның оқушыларға түсіндіремін.

Бекіту (2 минут) Семей ішкі округінің құрылу себебі сол кезде, Ертістің оң жақ бетіндегі қазақтардың саны жылдан - жылға арта түскендіктен. Оқушылармен бірге талқылаймыз.

Үйге тапсырма (2 минут) §27 Семей ішкі округінің құрылуы оқу мазмұнына дайындалуларын айтамын. 182 беттегі кестені толтыруға беремін. Ол сұрақтардың 10 тапсырмасында берілгенің айтамын.
Бағалау (2 минут)
4 186
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Ауылдағы тәрбие көзі
Ауылдағы тәрбие көзі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×