Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

26 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы.
№101 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Шопанова Айгерім Ғабитқызы

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда
Білімділік мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Карточка, Оқулықтардан, рефераттардан көрме, Алтын Орда мемлекетінің картасы, түсіндірмелі тірек - сызбалар, танымдық ойындар, Шыңғысхан, Бату хандардың портреттері (слайд) ақпараттық компьютерлік технология бойынша.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп алған соң, сынып тазалығына көңіл бөліп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы тақырыбы бойынша үй тапсырмасы сұралады.

Үй тапсырмасын пысықтау арқылы жаңа сабаққа көшу.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.

Батый – Алтын босағалы «Ақ Орда»,
Ежен – Күміс босағалы «Көк Орда»,
Шайбан – Болат босағалы «Боз Ордаға» кіргізеді.

Алтын босағалы Ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайлаған. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді.

ІІІ. Жана сабақ
Жоспары:

І. Алтын Орданың құрылуы.
ІІ. Алтын Орданың күшеюі.
ІІІ. Алтын Орданың әлсіреуі.
ІV. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.

1. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне
дейінгі ұланғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, кейін Сарай Беркеге көшірілген.

Батый хан Алтын Орданы құрушы Монғол ханы. 1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген.

Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтанда ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген.
Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
2. Батый ханның Алтын Ордаға хандық еткен алғашқы жылдары туралы мағлұмат жоқ. 1235 жылғы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылдайды. Батысқа жасалған жорық жеті жылға (1236 - 1242) созылған. Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдері жаулап алынып, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 936
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Ақ орда
Ақ орда
Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі — сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру, 14 — 15ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмаева Гүлжан
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.) Сабақтың мақсаты: ● Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Тарих пәнінен бақылау жұмысы
Тарих пәнінен бақылау жұмысы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×