Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс

14 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ
Тарих мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы

Тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
Мақсаты:
Білімділік мәні:“Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің”- демекші, туған жердің тарихын, , соның ішінде Кенесары Қасымұлының өмірі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштерімен таныстыру.
Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мәні:“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі”, - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі:Жаңа білім беру
Қолданатын әдістер:Тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.
Жоспар:
1.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
2.Көтерілістің барысы
3.Кенесарының хандық билігі
4.Көтерілістің маңызы мен жеңілу себептері.

«Сүйетін аруақты Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын.
Ол сүйген туған тауын, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Ел қорғаған - ер бабаң"
Оқушылар өз ойларын айтып класстер құрайды.

Шыңғысханның 27-інші ұрпағы ----------------------------------------Абылай ханның немересі Әкесі Қасым
--------------------------------------------- Көтерілістің басшысы
1802 жылы Көкшетау өңірінде --------------------------- Мемлекет қайраткері және дипломат
дүниеге келген. --------------------------------1847 жылы қайтыс болды

Сонымен, бүгінгі сабақта біз не біліп, не үйренуге тиіспіз?
* Қозғалыстың себептерін,
* Мақсаттарын,
* Сипатын,
* Қозғаушы күштері кім
болды.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің себептері:
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Санжар Қасымұлын өлтірді
Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтер, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты:
Ресей отарлау саясатына шек қою. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтау, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері:
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды.Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты.

1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған кім?
Суреттегі сөздерді рет-ретімен қою.
М.Өтемісұлы, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Кенесары хан, Е.Пугачев, И.Тайманұлы

"Цифрлар сөйлейді" ойыны.
1837 ж. К.Қасымұлы казак отрядына шабуыл
1838ж. Кенесары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады.Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.
1838 ж. тамыз Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838 ж. 7 тамызында Кенесарының сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады.Бекініс өртке оралды.
1840 ж. Орынбор губернаторы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді.Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды.

«Кестені сәйкестендіру»
Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)
1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

Картамен жұмыс
1842ж. 1843ж. 1844ж. 1845ж. 1847ж.
Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы
Көтерілістің жеңілу себептері
- Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады
- Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар,
руға жіктелу басым болды.
- Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары
аса қатты жаза қолданды.
- Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
- Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген
Кенесары қолы Ресей патша қарсы тұра алмады.
Тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.

Құжатпен жұмыс
1.Кенесарының жіберген елшілері Қытай шебінде қандай міндет атқарды?
2.Қытай Кенесарыны және оның әскерлерін өз жеріне жіберуден неге бас тартты?
Жаңа сөздер:
Зекет - мал өсірушілер
Ұшыр - диқандардан алынатын салық
Жасауылдар - сенімді адамдары
Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары
Номадтар - көшпелі қазақтар

Бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін осы кесте толтыру арқылы бекітеді
Білім
Білгім келеді
Білдім

Қорытындылау:
Тест (Тест (1-5) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (6-10) келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз)
1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі?
А) Бопай В) Сапара С) Томирис
2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж.
3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?
А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре
4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?
А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе
5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды?
А) Отаршылдыққа қарсы
В) Қоқан хандығына қарсы
С) Феодализмге қарсы
6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж.
7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?
А) Діни В) Феодалдық С) Олигархиялық
8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?
А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды
9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды?
А) Жантөре ұлын жеңу В) Қоқан бекінісін алу С) Қырғызға жасалған жорық
10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?
А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж.

Үйге тапсырма
1.-И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.
С.Датұлы бастаған көтеріліс
И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс
Жылдар
Аумағы
Көтеріліс себептері
Негізгі себептері
Маңызы

2.Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріңдер.
Ұрпаққа өнеге!
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.Хан арманы, халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі егемендікке қолы жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Cау болыңыздар!
23 163
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.
Кенесары хандығы
Кенесары хандығы
Кенесары ханның қоғамдық - саяси өмірі мен Кенесары құрған хандықтың тарихи маңызын түсіндіру.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Зубаир орта мектебі тарих пәні мұғалімі Кизатаева Гульнур Нурбековна
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Шолпан Унгарбаева Ботайқызы
Тарихтан қысқа мерзімді жоспар
Тарихтан қысқа мерзімді жоспар
«Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Тарих пәнінің мұғалімі Утебекова Марал Джангирхановна
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×