Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын адам - ұлы жәдігер

23 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
Алматы облыстық №15 мектеп - интернатының
тарих пәнінің мұғалімі Тұрлығұлова Жанар Райқызы

Тақырыбы: Алтын адам - ұлы жәдігер
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету.
Алтын адам туралы алғашқы түсінік беру.
Әлемге әйгілі қазақ археологтарынан хабардар ету.
Тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру.
Отансүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Алтын адам туралы бейне таспа, суреттер мультимедиялық слайдтар.
Өтілу түрі: Ақпаратты – танымдық, зерттеу

Сабақтың жүру барысы.
1. Кіріспе. Тарихи шолу
2. Алтын адамға сипаттама
3. Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайына барған кезден үзінді көрсету
4. Зерттеу жұмыстары
5. Тұлғаны тану. Алтын адамдарды зерттеген археологтарды анықтау. 6. Сырсандық құпиясы арқылы басқада табылған алтын адамдар туралы мағлұматтар беру
7. Қорытынды.
8. Рефлексия.

1. Сабақ кіріспе сөзден басталады
Қазақ археологтарының ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңалықтарының арқасында бүкіл әлем 1 - ші мыңжылдықта Орталық Азияда ғаламат өзгерістер жүргеніне көз жеткізді. Соның арқасында Еуразиялық ерекше өркениет пен мәдениеттердің негізі салынды.
2. Тарихи шолу. Слайд№4 - 5 - 6
1. Алғашқы алтын адам қайдан табылды? Есік қорғаны
2. Жерленген адамның басынан бастап аяғының ұшына дейін қанша см? 165 см
3. Бас киімі қаншаға жуық әшекей заттармен безендірілген? 150 - ге жуық
4. Үшінші алтын адам қай жерден табылды? Шілікті қорғаны
5. Есік обасы біздің заманымыздың нешінші ғасырың қамтиды? б. з. V - Ivғ. ғ.
6. Есік қорғанының биіктігі қанша метр? 6 метр
7. Екінші алтын адам қай жылы, қай жерден табылды? 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғаны.
8. Үшінші алтын адамды тапқан археологтар қауымы? Әбдеш Төлебаев бастаған археологтар қауымы

3. Алтын адамға сипаттама. слайд№7
Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200 - ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару - жарағы, сақинасы да алтын. Оның "Алтын адам" аталуы да сондықтан.

4. Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайына барған кезден үзінді көрсету

5. Зерттеу жұмысы. Оқушылар постерде алтын адамның бөлшектерін құрастырады, дәлелдейді. Слайд№8 - 12
Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V - IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.

Бас киім 150 - ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар - мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан - жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.

Бейне таспадан үзінді көру
Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы. Пластиналардың киімге тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге арналмаған. Мұндай ұсақ бұйымдар жерлеу ғұрпына арнайы дайындалған.

Қысқа қамзол — құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді бейнелейтін және жендеттік жасайтын жыртқыш болып есептеледі. Сондықтан да жауынгер идеалын кейіптейтін қасқыр образы ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патша тұқымының нышаны ретінде саналған. Шексіз даланың жауынгерлері өздері қасқырға «еліктей» отырып, олардың сарбазға қажетті қасиеттерін «бойына жұқтырып», өздерін «қасқыр», «барыс» түрінде сезінетін болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 426
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстандағы мәдени мұралармен таныстыру.
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы) Конспект Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай - Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай - Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227 -
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Алтын
Алтын
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылы, А. С. Пушкин атындағы орта мектептің 10 - сынып оқушысы: Рахметуллина Гүлбақыт Жетекшісі: химия – биология пәні мұғалімі Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×