Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні мұғалімі Нөкешова Дамиға Өтеуліқызы

Тарих 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті.
Сабақтың мақсаты:
• б. з. б. ІІІ - ІҮ ғасырларда Қазақстандағы алғашқы мемлекеттің дамуын, олардың қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету, мемлекеттердің басқару жүйесін түсіндіру
• оқушылардың белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтыру, білімдерін жетілдіру
• тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шебер класс
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: кеспе қағаздар, интерактивті тақта

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Оқу құралын тексеру
2. Топқа бөлу
3. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Топтарға тапсырма.
1. б. з. б Ү - ІІІ ғасырларда өмір сүрген тайпалар.
2. Обалар. Бесшатыр, Есік, Берел обалары туралы
3. Бесшатыр обасының ерекшелігі.
4. Есік обасында табылған бас киімнің ерекшелігі
5. Күміс тостағандағы жазу.
6. Сақ тайпаларының басқа елдермен қарым - қатынасы, мақсаты.
7. Бесшатыр обасын зерттеген ғалым
8. Ру ақсақалдары, тайпа көсемдері, қолбасшылар, тайпа көсемдері мен құлдардың ерекшеліктері
Актуальдау бөлімі. Сақ тайпалары мемлекеттік дәрежеде өмір сүргенін білдік. Бүгінгі сабағымызда б. з. б. ІІІ - ІҮ ғ өмір сүрген ғұн мемлекеті туралы айтпақпыз.

ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ассосация әдісі.
басшысы көрші елдермен қарым қатынасы
территориясы
тұрақты әскері басқару құрылымы
ІІ. Бортты журнал
Бұрыннан таныс Жаңа ақпарат

Слайдтан: Ғұндардың мекенін картадан көрсету.
Мөде шаньюй, Атилла, ғұн жауынгерлері туралы баяндау

ІІІ. Блум таксономиясы.

Мөде шаньюй туралы аңыз.
Мөдеге өзімен көршілес жатқан Дунху елінен үш рет елші келеді. Бірінші келген елшілік тәңірқұтының атақты тұлпарын сұрайды. (сіз қалай ойлайсыз, ары қарай не болады?)
Екінші келген елші өзінің ақылды да сұлу әйелін беруді сұрайды.
(сіз қалай ойлайсыз, ары қарай не болады?)
Мөде өзінің кеңесшілерімен ақылдасқанда, олардың бірі беруге келіссе, бірі соғыс ашуға кеңес береді. Мөде: «Көрші отырған елмен осы бір ат пен әйел үшін қырғиқабақ болып қайтеміз» деп атты да, әйелді де беріп жібереді. Өзінің айтқаны болған Дунху патшасы масаттанып, үшінші рет елші жібереді.( сіз қалай ойлайсыз, елші не сұрауы мүмкін?).
Елші екі елдің арасындағы шекарада жатқан шаруаға қолайсыз кең далалы жерді беруін сұрайды. Мөде тәңірқұты өзінің кеңесшілерін тағы шақырып алып, кеңес құрады. ( кеңесшілер не деп айтуы мүмкін?)
Бұл жолы кеңесшілердің кейбіреуі; «Керексіз бос жатқан жерді не істейміз, берелік»,- десе Мөде қаhарлы ашуға басып, жер беру керек дегендердің басын алып, Дунхуға шабуыл жасап, тас - талқанын шығарады. Мұның өзі: «Ғұндардың жеңімпаз жауынгер ел ретінде тарихта қалуының сыры - жерге деген патриоттық сезімдерінің күштілігінен, жері үшін өзінің жанын құрбан етуге дайын намысты елдігінен» деген.

ІҮ. Ротация әдісі
І топқа тапсырма. Империяның басқару жүйесі
ІІ топқа тапсырма. Әскери – құқықтық жүйесі
ІІІ топқа тапсырма. Мөде тәңірқұтының Қытаймен қарым - қатынасы.
ІҮ топқа тапсырма. Б. з. б. 56ж ғұн мемлекеті

Ү. Қорытындылау. Борты журналды толықтыру.
ҮІ. Оқушылардың өзін өзі бағалауы
Нәтижеге жету баспалдағы.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті

Слайдын жүктеу
4 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстандағы мәдени мұралармен таныстыру.
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
7 ТАРАУ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары Конспект 15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы туралы мағлұмат беру Әдіс - тәсілдер: АКТ - ны пайдалану, СТО, диалог, Оқу үшін бағалау, жиынтық бағалау, топтық жұмыс
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ кенті, «Суықбұлақ орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі Сыдыкова Анар Ахановна
ХХ ғ. Қазақстандағы қоғамдық саяси қозғалыстар. Ұлттық зиялылар тобы
ХХ ғ. Қазақстандағы қоғамдық саяси қозғалыстар. Ұлттық зиялылар тобы
ХХ ғ. Қазақстандағы қоғамдық саяси қозғалыстар. Ұлттық зиялылар тобы туралы сабақ жоспары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×