Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

06 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
ШҚО, Аягөз ауданы,
«С. Ғаббасов атындағы ЖББОМ»КММ
Тарих пәні мұғалімі: Тулеуов Талғар Халықбергенұлы

Кенесары Қасымұлы конференция сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Сабақтың мақсаты: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру;
- көтеріліс басшыларының көтеріліс барысына ықпалын бағалау; көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.

2. Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту:
- ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы ұлт - азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
- оқушыларды көтерілістің тарихи маңызын және оның ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысында атқарған рөлін түсінуге жетелеу;
- оқушыларды жүйелі ойлау, өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды өз елін сүюге, қандай да болмасын өктемділікке, күш көрсетуге қарсы тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру;
- оқушыларды еліне, жеріне, туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: конференция
Сабақтың әдісі: ізденіс, зерттеу, пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, картамен жұмыс, топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кенесары Қасымұлының суреті; 1836 - 1837 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс картасы; Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы слайд.
Кенесарының хаттарынан үзінділер: «... Орыстар неге бізге жер сыйлауда? Ол жерлер онсыз да бізге тиісті ғой....
Қазір күн сайын біздің жерлерімізді тартып ала отырып, ол жерлерге бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын жағдайға жеткізуде.
Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті...»
«... біздер, қазақтар, мұндай қысымға шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ та ол сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті мен, Кенесары Қасымұлы, қолға қару алып ұлы күресті бастауға аттандым. Қазақ халқын орыстардың езгісінен азат етемін...»

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Махамбет Өтемісұлының күйі - «Махамбет» (орындаған 11 А сынып оқушысы Қазыбекқызы Назерке)
Кіріспе: Міне, балалар, сендер Махамбет ақынның «Махамбет» күйін тыңдадыңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр жерім деп, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ - Кенесары Қасымұлы. Оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды. 3 топқа бөлінеді; тарихшылар, әдебиетшілер, зерттеушілер.

Мұғалім:
1. Тарихшылар тобы: тақырыпты балаларға түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен белгілейді
3. Әдебиетшілер тобы: Кенесары туралы өлеңмен мағлұмат береді.
4. Оқушылармен жұмыс: «Ұлт санасын оятқан тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар? «Бабалар басына тағзым»ауылдағы Қасабай батыр жайлы оның басына барып қайтқан сәттен слайд - шоу.

1 - оқушы - Ескенова Шынар:
- Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті, соңғы ханы Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген.
«Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.

2 - оқушы Алжекеева Маржан:
- Кенесары - жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адамгершілігі мол адам, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан Кенесары Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде - ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп аң аулағанды ұнатқан.

3 - оқушы – Садырбекова Зәуреш:
- 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Көтерілісшілердің басты мақсаты қазақтардың Ресейлік патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, қазақ жерлеріне құрылған округтерді тарату, отаршылар енгізген алым - салықтарды жою еді.
Көтерілісшілер алғашында патша үкіметінің саясатына жарамсақтана қолдаған сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алуды, кейінірек шекара шебіндегі әскери бекіністерге, патша үкіметінің әскери жасақтарына шабуылдай бастады.

4 - оқушы – Қабдырахман Алуа:
- Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс - қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Кенесары Қасымұлы – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағыбай / Орта жүзден/,
Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Жоламан Тіленшиев /Кіші жүзден/және Бұғыбай/Ұлы жүзден/. Осы шайқастарда Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. Бұған оның Ақмола бекінісін басып алғаны дәлел.

5 - оқушы – Аманжолова Ажар:
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің бас қосқан жиынында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Ұлт - азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Кенесары хан 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтады.
Отаршылдыққа қарсы күреске қазақтардың үш жүзінің бәрі бірдей белсене қатысуы патша үкіметінің зәресін ұшырды. Сондықтан Ресей императоры көтерілісті басу үшін арнайы жазалаушы әскер шығарды. Бұған қоса патша үкіметіне берілген жергілікті сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды.

6 - оқушы – Назарбеков Айбек:
Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан Орынбор басшылығы 1845жылдың ақпан айында Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберді.
Жүргізілген келіссөздер барысында патша үкіметі тарапынан Кенесары ханға орындалуы мүмкін емес талаптар қойылды. Хан патша үкіметінің қойған талаптарының бірде - біреуін қабыл алған жоқ. Елшілер кеткен соң хан әскери кеңес шақырып, Жетісу аумағына қарай көшуге шешім қабылдады.

7 - оқушы – Қанапиянов Мақсұт:
Осы кезеңдерде Қоқан хандығы Арал өңірі мен Сыр бойындағы қазақтардың шұрайлы жерлерін басып алып, әскери бекіністерін сала бастаған еді. Кенесары мен Қоқан хандығы арасындағы қарым - қатынастың шиеленісуінің өзіндік себебі бар болған. Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым сұлтанды өлтірген болатын. Қоқан хандығының отарында болған қазақ жерлерін азат ету күресінде Кенесары хан Жанқожа Нұрмағанбетұлы батырдың көмегіне сүйенді. Сөйтіп 1845 - 1846 жылдары Қоқан хандығының бірнеше бекіністерін шауып алып, олардың қазақтарға озбырлық жасауын тоқтатты.

8 - оқушы – Айтбекова Жансая:
Патша үкіметі Кенесары жасағын ығыстырып, Алатаудың етегіне көшуге мәжбүр етті.
Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болған еді. Кенесары хан солтүстік қырғыз руларының билеуші манаптарын өзіне бағынып, отарлаушыларға қарсы күреске бірігіп шығуға шақырды. Қырғыздар Шыңғысхан ұрпағына бағынудан бас тартты. Оның үстіне қырғыздар Абылай ханның қырғыз жеріне жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын.
1847 жылы Кенесары он мыңдай қолмен қырғыз жеріне басып кірді. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалды. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі салдарынан көтерілісшілер қоршауда қалып, жеңіліс тапты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қошманбетова Сандуғаш Әбілахатқызы
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×