Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік - Қасым ханның билігі, Қазақ хандығының XVI ғасырдың 20 - 40 жылдарындағы жағдайы туралы білімдерін толықтырып, Қасым ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.

Б) Дамытушылық - Хақназар хан билігі, Тәуекел сұлтан билігі, Есім хан билігін оқыта отырып, ойлау, сөйлеу, оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелік - Қазақ хандығының саясатын оқыта отырып, елін, жерін, Отанын қорғай білуге,
оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекі құралдар: слайд, сөз жұмбақ, суреттер, сызбалар.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасы.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгендеу. Сабаққа дайындық жасап, сабақты бастаймыз.

Үй тапсырмасы:
1. «Қазақ» сөзі пайда болған уақыт: Көне түрік дәуірінде.
2. Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш.
3. «Алаш» сөзі шамамен алғаш рет айтылды: IX - Xғғ.
4. Тарихшы Қадырғали Бидің шежіресі бойынша, «Алаш мыңы» одағының қалыптасқан мезгілі: XIII ғасырдың соңы - XIV ғасырдың бас кезі.
5. Қазақ хандығының ту көтерген жері: Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, тайпаларының ата-мекені.

Сергіту сәті:
Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1443+160=1603 (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы).
2. 1921 - 308= (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1404+217= 1621(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды).
4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанды, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды).
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады).
2 - топ: 3 - кезең:
1. 1332+281=1613 (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды).
2. 1822 - 224= 1598 (1598 жылы Есім хан таққа отырады).
3. 1219+408= 1627 (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады).
4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды).
5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды).

Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ хандарының негізгі саясаты туралы, елін, жерін, қорғаудағы атқарған қызметтері туралы білімдерін толықтыру.
XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. «Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғарғы билікке қол жеткізе алған жоқ»,- деп көрсетеді Мұхамед Хайдар Дулати.
XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан өз билігін кең - байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Мемлекет халқы 1млн - нан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастады. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған - Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526ж. ж ) австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.
Мысалы: Сефевидтердің жазба деректемелерінің барлығында дерлік «қазақ хандығы, қазақтар туралы айтылады».
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Феодалдық талас - тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте - бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты. Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда - Абылай сұлтан, Тұрфанда - Әбд - ар - Рахым хан, Жаркентте - Абақ хан, т. б дара билік жүргізді. Бұхар - қазақ қарым - қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.

Қазақ – бұхар соғысы (1603 - 1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ - бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тым - тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады.

1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалан қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді. Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді. 1620 - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.

1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды. Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.

Бекіту.
1. Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған қазақ батырлары:
А) Қарасай, Арғынтай
В) Қабанбай, Бөгенбай
С) Найрызбай, Райымбек
Д) Ағыбай, Бұхарбай
Е) Баян, Шынқожа
2. 1681 - 1685 жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жасаған шабуылы кезінде қиратылған қала:
А) Түркістан
В) Самарқан
С) Сайрам
Д) Үргеніш
Е) Сарайшық
3. Қазақ хандығының құрылуы жайында мәліметтер кездесетін тарихи еңбек:
А)«Кодекс куманикус»
В)«Түркі тілдерінң сөздігі
С)«Темір мемлекеті»
Д)«Оғызнама»
Е)«Тарих - и Рашиди
4. Жәңгір хан таққа отырған жыл:
А) 1628 жыл
В) 1622 жыл
Д) 1626 жыл
С) 1625 жыл
Е) 1620 жыл
5. Қай жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды?
А) 1546 жылы
С) 1588 жылы
Е) 1583 жылы
В) 1582 жылы
Д) 1598 жылы

Бағалау.
Үйге тапсырма: оқу, хронологиялық кесте сызу, әр ханға мінездеме жазу.
9 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Есім ханның ел басқару ісін, Қазақ хандығының Жәңгір хан, Тәуке хан заманындағы халықтың тұрмыс тіршілігін оқыта отырып, Қазақ хандарының көрші елдермен қарым – қатынасы туралы білімдерін толықтыру.
Тәуекел хан
Тәуекел хан
Балқаш қаласы, ЖББ №9 ОМ Тарих пәні мұғалімі Баймуратова Дина Байжановна
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×