Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік - Есім ханның ел басқару ісін, Қазақ хандығының Жәңгір хан, Тәуке хан заманындағы халықтың тұрмыс тіршілігін оқыта отырып, Қазақ хандарының көрші елдермен қарым – қатынасы туралы білімдерін толықтыру.
Б) Дамытушылық - Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Есім ханның ел билеу саясатын оқыта отырып, жаңа сабақты еркін меңгеруге, өз ойын еркін айта білуге, ойлау, сөйлеу, қортынды жасай білу қабілеттерін дамытуға ат салысу.
В) Тәрбиелік - Қазақ хандарының саясатын оқыта отырып, қазіргі таңдағы саясатпен байланыстыра біліп, келешекте өз елін, жерін, Отанын қорғай білуге, ұлт жанды болуға, оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекі құралдар: слайд, интерактивті тақта, видеоролик сөз жұмбақ, суреттер, сызбалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасы.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгендеу. Сабаққа дайындық жасап, сабақты бастаймыз.
Үй тапсырмасы:
Бірінші топтың шарттары.
1 - кезең: үй тапсырмасын айту.
2 - кезең: Мергеншілер. Тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

3 - кезең: тест тапсырмаларын шешу.
Екінші топтың шарттары:
1 - кезең: үй тапсырмасын айту.
2 - кезең: Карточка арқылы. Карточканы алып ондағы сұрақтарға жауап береді.
1 - топ: 3 – кезең: тест тапсырмаларын шешу.
1. 1511 - 1518/1523 жылдары билік құрған қазақ ханы. Қасым.
2. Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде жазған би. Қадырғали.
3. Қасым ханның немере інісі. Тахир.
4. Қасым ханның қабірі қай жерде? Сарайшық.
5. 1538 - 1580 жылдары билеген қазақ ханы. Хақназар.
6. Қасым хан кезінде дипломатикалық қатынас жасаған мемлекет. Ресей.
7. 1582 жылы Шығай хан Ходжентке жақын қай елді мекенде қаза табады? Күмішкент.
8. 1598 - 1628 жылдары билеген қазақ ханы. Есім.
9. Есім хан билігі тұсында қазақ жеріне қауіп төндірген хандық. Жоңғар.
10. Жәдік ханның баласы, сексен жастағы хан. Шығай.
11. Баба сұлтанның басын алған қазақ сұлтаны. Тәуекел.

Сергіту сәті:
Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1443+160=1603 (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы).
2. 1921 - 308= (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1404+217= 1621(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды).
4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанды, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды).
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады).

2 - топ: 3 - кезең:
1. 1332+281=1613 (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды).
2. 1822 - 224= 1598 (1598 жылы Есім хан таққа отырады).
3. 1219+408= 1627 (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады).
4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды).
5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды).

Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсаты:
Есім ханның «Ескі жолы» заңдар жинағы туралы мәлімет бере отырып, үй тапсырмасын жаңа сабақ пен байланыстыра білу, Қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы білімдерін дамыту.
Есім ханға мінездеме.
Есім ханның ішкі саясаты. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
Қасым ханнан соң Қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметі Сырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай - ақ Бұқар хандығымен ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мауреннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.

Толық нұсқасын жүктеу
4 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандары мен билері
Хан – тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы Би - әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам Шыңғыс ханның үлкен ұлы. XIII ғасырдың басында қазақ жеріне басып кірген монғол әскерін басқарған.
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты
Хақназар хан билігі, Тәуекел сұлтан билігі, Есім хан билігін оқыта отырып, ойлау, сөйлеу, оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Алмута вилайити. Уйғур наһийәси, Ават йезиси, И. Искәндәров намидики оттура мәктәп коммуналлиқ мәмликәтлик мәһкимиси тарих пәни муәллими Музапаров Ерлан Семятович
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×