Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Алмагул Жетписбаева

Қазақстан тарихы 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Сабақ негізделген оқу мақсаты
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс туралы түсініктерін кеңейту.
Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың шығу себебін айта алады, орталықтарын картадан көрсете алады

Оқушылардың басым бөлігі
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың себебі мен мақсаттарын талдайды және жетекші тұлғалардың еңбектерін сипаттап айта біледі.

Кейбір оқушылар
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың мақсатын түсінеді және қозғалыстың орталықтарындағы көтеріліс барыстары туралы өз пікірлерін дәлелдермен тұжырымдай алады

Алдыңғы оқу
1. Ашық, жабық сұрақтардан құралған тест тапсырмалары.
2. Өзін - өзі бағалайды.
Азамат соғысы және революция. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерлісі.
1. Патша жарлығына қарсы бағыттағы стихиялық бас көтерулер басталды:
• а) 1916 жылы шілде
• б) 1916 жылы маусым
• д) 1916 жылы қыркүйекте
• с) 1916 жылы желтоқсанда
2. Қарашақ болысында хан болып сайланды:
• а) А. Жангелдин
• б) Ұ. Саурықов
• д) О. Шомыр
• с) Б. Әшекеев
3. 1916 жылғы көтерліс туралы жазған шығарма:
• а) «Қилы заман»
• б) «Өмір мектебі»
• д) «Батыр Баян»
• с) «Ел қорғаны»
4. 1916 жылғы көтерлісшілердің бірінші кезектегі іс - әрекеті:
• а) Қоныстанушыларды қуды
• б) Бай - феодалдардың жерін тартып алды
• д) Отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді.
• с) Патшаны тақтан құлатты
5. Қарқара көтерлісін ұйымдастырушы:
• а) Н. Кротов
• б) Е. Курев
• д) С. Вербицкая
• с) Д. Федосов
6. Қараша айында Амангелді сарбаздарының саны:
• а) 5 мың
• б) 15 мың
• д) 25 мың
• с) 50 мың
7. 1916 жылы 23 тамызда шыққан құжат:
• а) Генерал - губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы
• б) Жетісу облыстарының генерал - губернаторы Фольбаумның бүлікшілерді жазалау туралы бұйрығы
• д) С. Ужгиннің «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» прокламациясы
• с) Патша үкіметінің «Қара жұмысқа алу туралы» жарлығы
8. Жетісу көтерлісінің жетекшілері:
• а) С. Мендешев, Ә. Әйтиев
• б) Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Т. Бокин
• д) Ж. Мыңбаев, Ә. Жангелдин
• с) Ә. Майкөтов, Ә. Иманов
9. Амангелді сарбаздары Торғай қаласын қоршады:
• а) 1916 жылы 23 тамызда
• б) 1916 жылы 9 қыркүйекте
• д) 1916 жылы 22 ақпан
• с) 1916 жылы 22 қазанда
10. 1916 жылғы ұлт - азаттық революцияның сипаты:
• а) Феодализмге қарсылық
• б) Дүниежүзілік соғысқа қарсылық
• д) Діни бөлінушілікке қарсы
• с) Империализмге, отаршылдыққа қарсылық
Басталуы
" Қар кесек" ойыны арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Сабақтың мақсатын айқындайды.
Қойылатын сұрақтар:
1. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың туралы не білеміз?
2. Көтеріліс жетекшілерінен кімдерді білеміз?
3. Көтеріліс болған жерді картадан көрсетеміз.

Ортасы
Топқа бөлінеді.
Постер құрып және қорғайды.
Не? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап арқылы құрылады.\

Аяқталуы
 Жұптық жұмыс арқылы бір - бірлерімен " Адасқан әріптер"әдісі бойынша жаңа сөздердің тізбесін жасайды.
 "Мозайка" әдісі арқылы сабақ жинақталады.

Толық нұсқасын жүктеу
4 537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы
Амангелді Иманов 1916 жылы ұлт - азаттық көтеріліске қатысып, қол бастаған батырымыздың бірі.
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер
ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер
Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×