Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні мұғалімі: Жанаева Айжан Куанышбаевна
Қазақстан тарихы 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. 1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан - жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп - салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, өз елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу, өткеннен тағылым алуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: География, Дүние жүзі тарихы
Көрнекілігі: карта, плакат, стикер, сызба

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
Оқу құралын тексеріп, түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:
Республикада соғыстан кейінгі жылдарда ашылған өнеркәсіп орындарын атаңдар?
Металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі
Атом полигоны, зардаптары
Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері

III. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру
2. Тыңның алғашқы табыстары
3. Тың игерудің нәтижесі
4. Мал шаруашылығының жайы:
5. 1959 жылғы Теміртаудағы оқиға

Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті? Оқушылар бұл сұраққа оқушылар өз білгенінше жауап берді. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО - ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық - түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты. Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.
Алғашқы жылы Қазақстанда 6, 5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.

IV. Сабақтың бекітуі:
1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?
2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
3. Мал шаруашылығына кері әсері:
4. Тың игерілген облыстарды атап, картадан көрсетіңдер?
5. Тың игерудің тарихи маңызы
Оқушылардың берген жауаптарын басқа оқушыға толықтырып отырамын. Басты мәселелерге тоқталып отырып өткен сабақты қорытындылаймын.

V. Бағалау: өзін - өзі бағалау әдісі
VI. Үй тапсырмасы: §36
5 900
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайымен таныстыру. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игерудің барысын және тарихи маңызын ашып көрсету.
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
ХХ ғасырдың 1 - жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан - жақты түсінуге жағдай туғызу.
Тың игеру
Тың игеру
Тың және тыңайған жерлерді игерудің қандай теріс жақтары болғанын ажырата білуге үйрету Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды. Сауатты талдауға үйренеді
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, №3 Қарауылкелді орта мектебі мұғалімі Аккожаева Самал Кажагалиевна
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×