Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XI - XV ғасырлардағы Италия

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні мұғалімі: Жанаева Айжан Куанышбаевна

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы 7 - сынып

Сабақтың тақырыбы: XI - XV ғасырлардағы Италия
Мақсаты:
1. Білімділік: Италияның саяси, әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерінің себептері мен салдарын ашып көрсету. Өткен сабақтағы Испанияның XV ғасырдың аяғына қарай бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналғандығын оқушылардың есіне сала отырып, ол елдің көршісі Италияның не себепті бытыраңқы күйде қала бергендігіне, дегенмен XI - XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту.
2. Жетілдіру: Италияның XI - XV тарихын баяндай отырып, дүние жүзі тарихынан алған білімдерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ұлтжанды, білімді, тарихи санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: Интерактивті
Көрнекілік: Компьютер, нақыл сөздер, Италияның картасы т. б.
Пән аралық байланыс: География, математика, бейнелеу, Қазақстан тарихы т. б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп, түгелдеу.
«Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
«Халықтың өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет» Ш. Уалиханов.
1. Орта ғасырлар тарихы нешеге бөлінеді? /3/
2. Біз қазір қай кезеңіндеміз? /Дамыған орта ғасырлар XI - XV ғасырлар/
3. Дамыған орта ғасырлар несімен ерекшеленеді. /феодализмнің орнығуы мен дамуы/
4. Жалпы Еуропаға мәдениет пен ғылым орта ғасырларда барды. Бұл мәдениетті кімдер жеткізді, және қай ел арқылы? /Арабтар, Испания арқылы./

Олай болса өткен сабағымыз Испания туралы білімдерімізді тексерсек.
1. Ортаға 4 оқушыны шығарып «Бетпе - бет» арқылы бірін - біріне сұрақтар қояды.
2. «Ия жоқ» ойыны
▪ 756 жылы Кордова әмірлігі құрылды /ия/
▪ Арабтар Испанияны 711 - 717 жылдары басып алды /жоқ/
▪ Реконкиста деген қайтарып беру /жоқ/
▪ Инквизиция күпірлермен күрес /ия/
▪ Инквизиция 1485 жылы құрылды /жоқ/ 1480
▪ Испаниядағы күпірлерді қырып жою аутодафе деп аталды /ия/

ОЙ ҚОЗҒАУ
Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді?
Италия дегенде көзіме етік елестейді.
Италияндықтар қызу қанды халық.
Өткен аптада Италия премьер министрі Бирлускони келіп кетті.
Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.
Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.
Макаронның отаны
Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала.
Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.
Су үстіндегі қала Венеция /«Анна» фильмінен көрген боларсыздар/
Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия.

Жаңа сабақ: №17. XI - XV ғасырлардағы Италия
Жоспары:
1. Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері
2. Венецияның күшеюі
3. Флоренция
4. Медичилердің банк қызметі
5. Савонарола

1. Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері.
XI - XV ғасырларда Италия бытыраңқы ел болып қала берді.
Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Қалалардың дамуына кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді азық - түлік, киім - кешек, қару - жарақпен қамтамасыз етуде Италия мол табысқа кенелді. Қалалар сауда мен қолөнер орталықтарына айналды.

Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықтан, оларға тәуелді болды. Феодал - мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым - салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал - мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар - вальвассорлармен одақтасты.
Тынымсыз күрестің нәтижесінде ХІ - ХІІ ғасырларды Венеция мен Генуядан басқа
қалалары дербестік алды. Тәуелсіздігін жеңіп алған қалалар коммуналар деп аталды. Олар өз үкіметтерін құрды. Ол үкімет Коммуналар алқасы деп аталды. Коммуналар алқасы заң шығарды, салық жинады, шаруашылықты басқарды. Салықтан және т. б. табыстардан жиналған қорлар енді феодал - мырзалардың қалтасына емес, қаланың қазынасына түсетін болды.
Ірі, бай қалалар маңындағы ұсақ қалаларды өзіне қосып алып, иеліктерінің шеңберін ұлғайтты. Мұндай ірі қалалар басқа қалалармен, тіпті басқа мемлекеттермен сауда жасау, соғысу, бітім жасау мәселелерін де өздері шеше бастады. Сөйтіп Италияда қала - мемлекеттер пайда болды. Олар Венеция, Генуя, Пиза, Равенна, Флоренция сияқты қалалар.

Толық нұсқасын жүктеу
4 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы Конспект Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе,
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Орта ғасырлардағы Африка
Орта ғасырлардағы Африка
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италия
ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италия
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 2 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Узакбаевна Зарина Бактыбаева
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары  7-сынып
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары 7-сынып
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы
Италия
Италия
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі, магистрант Нұрымбаева Ақмарал Сейлбекқызы Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×