Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның Ресей құрамына кіруі

06 мам 2016, Жұма
Категориясы: Тарих
Пән мұғалімі: Смайлова Р.

Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресей құрамына кіруі
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Сабақтың міндеттері:
▪ Ресейге қосылудағы басты себептерді талқылап саралай алады
▪ Сауатты талдауға үйренеді
▪ Бір - бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, екі жақты күнделік, РАФТ
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, слайд, бейне сұрақтар

Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасып, назарларын сабаққа аудару.
- Оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын айқындап аламын.

1. Ой қозғау
/ шарты: сөздердің мағынасын ашу/ оқушылар жұппен, топпен отырып жұмыс жасайды
1) Халық
2) Бодан
3) Көтеріліс
2. Сен білесің бе? Оқушылар жеке отырып орындайды, жауаптарының дұрыстығын дәлел келтіре отырып жекізеді.

Тапсырмалар
«Қазақ даласының Ликургі» атанған, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды» негіздеген билеуші Тәуке хан болды.
1635, 1643, 1652 жж. Қазақтарға қарсы жорықты басқарған жоңғар қоңтайшысы Себан - Рабдан еді.
Жоңғарлар қазақ жеріне 7 бағытта 700 мың әскерімен кірген
1819жылы Сүйік сұлтан бастаған рулар Ресейге қосылуға ниет білдіреді.
1860 жылы Верный бекінісі бой көтерді.
1859 жылы Қастек бекінісі осы өлкедегі стратегиялық маңызды күшті пунктке айналды.
1715 жылы Қарақұмда құрылтай жиыны өтті
Верный бекінісіне ең алғаш 1000 орыс солдатын орналастырды.
Сырым Датұлы Ресейліктермен келісімге келуге тырысты

Бейне таспа сұрақтары
«Біз.... маған қарасты Орта жүз бен кіші жүздің көптеген.... халқымен сіздің алдыңызда күлліміз бас иеміз.... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз».
Сұрақ: Бұл қай ханның хатынан алынған
Дұрыс жауабы: Әбілхайырдың Анна Ионоваға жазған хаты
«Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан шабуыл жасайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды»
Сұрақ: Сырымға бұндай анықтаманы кім беруі мүмкін
Дұрыс жауабы: Суворов

1825 - 1840 жылдары аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай озбырлықпен тонауға, талауға, кісілерімізді шыдай алмаған біз, бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ мұнда да олар тыныштық бермеді. Сондықтан мен қолыма қару алып, халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым.
Сұрақ: Әңгіме кім туралы болып отыр
Дұрыс жауабы: Кенесары Қасымұлы

Жер жағдайын ұқыптап пайдаланып, ескі Жаркент қаласын күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасында берік бекіген бұл ханның 500 сарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрады. Аз қолды таптап өтпек болып, қиын қияға ұмтылған дұшпан әскері 10 мың адамнан айырылады.
Осы кезде бұл ханға көмек 20 мың әскерімен Алшын Жалаңтөс батыр жоңғар жауынгерлерінің ту сыртынан шабуылға шығады.
Сұрақ: Бұл ерлік қай жылы, қазақтың қай ханы көрсеткен еді?
Жауабы: 1643 ж Салқам Жәңгір

Екі жақты күнделік / шарты: Қазақ жерінің Ресейге қосылуының тиімді, тиімсіз жақтарын ажырату/
Тиімді
1. Қазақ елі жоңғар тепкісінен құтылды.
2. Орта Азия хандықтарының озбырлығынан құтылды.
3. Батыс мәдениеті мен ғылымын игерді
Тиімсіз
1. Қазақ халқы ұлан - байтақ жерінен айырылды
2. Орыстандыру саясатынан зардап шекті.
3. Ұлттық тұтастығын жоғалтты
4. Табиғи байлығын сарп етті.
5. Дәстүрлі шаруашылығы күйреді.

Толық нұсқасын жүктеу
3 245
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан және Ресей
Қазақстан және Ресей
Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды. Сауатты талдауға үйренеді
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектептің тарих пәрі мұғалімі Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы
Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×