Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хақназар хан

08 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Хақназар хан
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ мемлекетінің тұсындағы саяси әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңі туралы баяндай келіп, оқушыларды өз халқының тарихын толық меңгеруге ықпал ету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасауға, өз ойын еркін, ашық айтуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ұлы ханның ұлы істерінен үлгі алуға насихаттау.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдісі: топпен жұмыс, сайыс, баяндау
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, ватман, стикер, плакат, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А. Конверт сұрақтары мен тапсырмалары
1 - конверт:
 Қазақ хандығының іргетасын қалаған кімдер?
 Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы болған қала?

2 - конверт:
 Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп шықты?
 Қасым хан кімнің баласы?

3 - конверт:
 Жәнібек пен Керей алғаш орда тіккен жер:
 Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

В. Сәйкестендіру тесті:

1. Керей мен Жәнібек
2. М. Х. Дулати
3. Қасым
4. Әбілхайыр
5. Есен - Бұға
6. Барақ

1 Алғашқы қазақ билеушілері қай хандықтан бөлініп шықты?
2 Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1 млн - ға жетті?
3 Қазақ хандығының құрылуы туралы орта ғасырларда қандай тарихшы жазған?
4 Моғолдың қандай ханы көшіп келген екі сұлтанды өз жеріне қоныстандырды?
5 Жәнібек кімнің баласы?
6 Қазақ хандығының негізін қалаған кім?

Тексеру кiлтi:
1. Әбілқайыр3. М. Х. Дулати5. Барақ
2. Қасым хан4. Есен - Бұға6. Керей мен Жәнібек

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
І. Хақназар хан өміріне сипаттама:
ІІ. Хақназар ханның ішкі - сыртқы саясаттары:
ІІІ. Қазақ - өзбек қарым – қатынастары:

I. Хақназар хан — (1538 — 1580жж) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын - қыстау, әскери - саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығындағы дағдарыс ұзақ уақытқа созылады. Себебі хандықтың ішіндегі талас - тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретеді, құлдырай бастайды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін таққа:
Мамаш (1518 - 1523 жж)
Тақыр (1523 - 1533жж)
Бұйдаш (1533 - 1534жж) сынды хандар отырады. Бұл хандар тұсында қазақ хандығы ішкі - сыртқы талас тартыс нәтижесінде хандықтың жағдайы төмендеп кетеді. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын жақсартуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.

II. Хақназар ханның саясаты
Ішкі саясаты Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты. Батыста Ноғай ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым - қатынас орнатты. Әкесі Қасым ханның жақсы қасиеттерін алған. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түскен.
Сыртқы саясаты
Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен Орыс мемлекетімен бейбіт қарым - қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу - Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес ХVI ғасырдың 50 - 60 жылдарында болды. бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ - қырғыз одағын пайдаланды. Соғыс қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Моғолстан ханы Абд - ар Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырламады.

III. Қазақ – өзбек хандықтарының қарым - қатынастары.
XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылы жорықтары жиілеп кетті. Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан хандықтың сыртқы саясатын өзгертті. Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, Бұхар ханы ІІ Абдалах пен қазақ хан Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт» жасасты. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады.

1570 жылы өзбек ханы Абдалах пен Ташент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін тартыс басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдалах хан Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды сыйға береді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын қазақ ханына тарту етеді. Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдалах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жібереді. Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтіреді.

Проблемалық сұрақтар қою:
 Хақназар хан әкесі Қасым ханның саясатын одан әрі жалғастырды ма, әлде басқа бағыт ұстанды ма?
 Хақназар хан тұсында қазақ жерлері біріктіру толық аяқталды ма?
 Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті?

ІV. Бекіту
«Тарихи математика» ойыны:
1. 728*2+9=
2. 846*2+154=
3. 479+2200/2=
4. 1003 =
5. 3800/2+91=
Жауабы:
1. 1465 - қазақ хандығы құрылды
2. 1538 - Хақназар хан болып сайланды
3. 1579 - Абдалах пен Баба сұлтан арасындағы билік үшін талас басталды.
4. 1000000 - Қасым ханның тұсындағы қазақ халқының саны
5. 1991 - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды

V. Бағалау: «Блоб ағашы»
VI. Үйге тапсырма:
• §39 мазмұндау;
• Хақназар ханның Қазақ хандығын билеуінің қорытындысы туралы дәптерге жазып келу;
14 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы
Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×