Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде

11 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі
Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде.
Жалпы мақсаты: Қазақстан территориясы орта тас дәуірі оның ерекшелігі туралы түсінік беру. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Негізгі идеялар: Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі
Қазақстан территориясы орта тас дәуірі мен ерте тас дәуірінде адамның қалыптасуы бойынша алғашқы қоғамның тарихын салыстыру арқылы оқушының ізденімпаздығын арттыру.
Ақпарат көздері: «Қазақ энциклопедия» V - том, интернет сайты
Іс - әрекет түрлері: Топпен жұмыс, жеке, диалогтық топпен әңгімелесу, АКТ, сыни ойлау, бір - бірін бағалау және өзін - өзі бағалау
Мұғалімнің іс - әрекеті
Алғашқы рефлексия
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, топтарға бөлу. Топ ережелерін еске алу. Топта ролдерді бөлу.
Оқушының іс - әрекеті
5 - 6 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.
Мұғалімнің іс - әрекеті
І тур «Біліміңді сынап көр»
1 - тапсырма
Мұғалім оқушыларға:
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде тақырыбы бойынша алдын - ала дайындаған қосымша материалдарын береді.
- орта тас ғасырының ерекшеліктері
- орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
- егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы

Оқушының іс - әрекеті
Әр бір оқушы қосымша материалдар мен танысады, ойланады.
Оқушылар бір - бірімен ойларын бөліседі.
Топ ортақ шешімге келіп постерге түсіреді.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды
Мұғалімнің іс - әрекеті
ІІ тур «Ойлан тап»
2 - тапсырма
Оқушының іс - әрекеті

1. Адамдардың алғашқы құралы неден жасалды?
2. Алғашқы тас құрал қалай аталды?
3. Алғашқы адамдардың кәсібі?
4. Тас ғасыры неше кезеңге бөлінді?
5. Алғашқы адамдардың ұжымы?
6. Ерте тас дәуірі қалай аталды?
7. Ең алғашқы адам қалай аталды?
8. Синантроп адамы қайдан табылды?
9. Қазақстан жерінде алғашқы адам қай жерден табылған
10. Ең алғашқы қолға үйреткен жануар?

Адамдар орта тас ғасырында
Тұрды: шатырда, күркеде, уақытша қос сияқты жеңіл баспанада.
Айналысты: аңшылықпен, терімшілікпен, балықшылықпен, егіншілікпен.
Киім тікті: жүннен, жануарлар терісінен, өсімдіктер талшығынан.
Еңбек құралын жасады: алтыннан, тастан, темірден, сүйектен.
Білді: отты, жазуды, қарапайым еңбек құралдарын жасауды, үй жануарларын.

Палеолит
Б. з. б 2, 6млн - 12 мың жыл.
Ерте палеолит – б. з. б. 2, 6 млн - 40 мың жыл.
Ерте палеолиттің мустье кезеңі - б. з. б 140 - 40 мың жыл.
Кейінгі палеолит – б. з. б 40 - 12 мың жыл.

Мезолит
Б. з. б. 12 мың - 5 мың жыл.

Мезолит кезінде аңдарды бұрынғыша неге аулауға болмады?
Мал бағу қалай пайда болды?
Балалар ересектер тобына қалай өтті?
Еңбек туралы мақал - мәтел, өлең.

Мұғалімнің іс - әрекеті

ІІІ тур «Қиял әлемінде»
3 - тапсырма
Ойынның мақсаты: Тарихи оқиғаның желісінде және міндетті түрде факті келтіріп, қиялшыл әңгіме құрастыру.
Ойынды жазбаша немесе ауызша айтуға болады.
Оқушының іс - әрекеті
«Мен мезолит дәуірінде өмір сүрсем...» әңгіме құрастыру.
Құрастырған әңгімелерін топта талқылау.
Ортақ шешімге келіп, қорыту.
Сергіту сәті: «»
Мұғалімнің іс - әрекеті

ІV тур «Кім жылдам?»
4 - тапсырма
Кестені толтырыңдар
1. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал қалай аталды? (Бифас)
2. Ұзындығы 1 - 2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды? (Микролит)
3. Қанша жыл бұрын жер бетін күрт суи бастап, мұздық пайда болды?
(Бұдан 100 мың жыл бұрын)
4. Ғалымдардың есептеуінше мұздық қашан ери бастады? (бұдан 13 мың жыл бұрын )
5. “Епті адам” қай жерден табылған? Ол қашан өмір сүрген?
(Африкада Кения жері Олдувей шатқалы және ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.)
6. Неандерталь баланың сүйегі қай жерден табылған? Ол қай кезде өмір сүрген?
(Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірден және ол бұдан 100 - 35мың жыл бұрын өмір сүрген)

Оқушының іс - әрекеті
Сұрақтарға жауап беру.
Мұғалімнің іс - әрекеті

V тур «Сен білесің бе?»
5 – тапсырма
Мұғалімнің іс - әрекеті
Суреттегі адамдардың атауын көрсет
1. Епті адам
2. Питекантроп - синантроп
3. Неандерталь
4. Кроманьон
Суреттегі құралды ата
1. шапқы, қырғыш, кескіш
2. Аң терісінен өңдейтін қырғыш
3. Сүңгі мен найза
4. Қырғыш, тескіш, пышақ, ине
Бұл адамдар тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Еңбек құралдарын жасауды одан әрі дамытты, әрі қоршаған ортаға ықпал етті, Олардың миы “епті адам” миынан екі есе үлкен болды.
Бұл қандай адам туралы айтылып тұр? “Саналы адам”
Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу – адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте - бірте туысқандардың ұжымына айналды. Бұл шамамен “ саналы адамның” шығу уақытымен сәйкес келді. Бұл қандай ұжым? (Рулық қауым )

V тур «Сен білесің бе?»
5 - тапсырма
Оқушылар сұрақтарға өз бетінше жауап береді. Өз жауаптарын топта талқылайды.
Бір шешімге келіп, жауап беріп, басқа топтың жауаптарын жазып отырады.
Бағалау.

Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу.
Оқушының іс - әрекеті
Сабақтағы өзінің және көршісінің жұмысына баға беру.
Рефлексия
Пайдаланылған құралдар: Қазақстан Республикасының саяси картасы, балалар энциклопедиясы, таблица, тапсырмаларды жазатын қағаздар, түрлі түсті карандаштар, маркерлер.
Нақты үйге берілетін тапсырмалар: Осы тақырыпта қосымша материалдарды пайдалана отырып дайындалу (интернет, библиотека және т. б.)

Толық нұсқасын жүктеу
6 310
1
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының ерлігі, басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, елге атқаратын қызметі және Қазақ х қоғамдық саяси құрылыстарымен таныстыра отырып, баға беру.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы
Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы
Орта тас ғасырының ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы әңгімелеу, сызба түрінде түсіндіре отыртып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Компьютердің құрылымы
Компьютердің құрылымы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Адамды кім жаратты?
Адамды кім жаратты?
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, №5 Шонжы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Садыкова Ранагуль Ибадуллаевна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
nazgul.75
nazgul.75 Қолданушылар 2 қазан 2016 17:49
0
Керемет сабак жоспары маган өте ұнады.

Кұрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз кұтты болсын! Зор денсаулық жанұяларыңызға таусылмас бақыт, қажымас қайрат шығармашылық табыс тілеймін.
×