Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихтан сұрақтар жауаптарымен

21 мам 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі
Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы

Тарихтан сұрақтар жауаптарымен
Тақырыбы: Қорытындылау.
Мақсаты: оқыған материалды жинақтап, қорыту, маңызды деректер туралы білімдерді байыту, негізгі процестерді басталуынан аяқталуына дейін қадағалау.
Бұл кезеңнің өзіне тән және бір жаңалығы – Жібек жолының дамуы, басқа елдермен қарым - қатынасы. Орта ғасырлық сәулет өнері мен ғылым мен білімнің дамуы да осы кезеңді қамтиды.

Тапсырмалар реті.
Ойынның кезеңдері:
“Кім жылдам?”
“Біліміңді сынап көр”
“Ойлан тап”
“Сен білесің бе?”
“Тест”

1 “Кім жылдам?”
1) Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:
Шығыс пен Батысты байланыстырды
2) Жібек жолының басы басталатын аймақ:
Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан
3) Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:
б. з. б. І ғ. ортасы
4) Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:
- қытай немесе болгар бұрышы
5) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:
Соғды
6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:
Тараз
7) Жібек жолының халықаралық қарым - қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:
б. з. б. ІІ ғ. ортасы
8) Қытай императоры У - Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:
13 ж. кейін
9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:
Иран шахына
10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:
ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

2. “Біліміңді сынап көр”
20ұпай
Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялаған кім?
Мұса хан
30 ұпай
Айша бибі” кесенесін тұрғызған хан
Қара хан
40 ұпай
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл энциклопидист ғалым.
Әбу Насыр әл - Фараби
50 - ұпай
Одан қалған мұра “Даналық кітабы” – “Диуани - и хикмет” кітабы түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.
Қожа Ахмет Йасауи
Жылдар
20 ұпай
Қай жылы арабтар “дін үшін соғыс” деген ұранмен көрші елдерді жалап ала бастады?
633 ж
30 ұпай
Атлах шайқасының болған жылы?
751 жыл
40 ұпай
Махмуд Қашғаридың өмір сүрген жылдары?
1030 - 1090 жж
50 ұпай
Әбу Райхан әл - Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан қанша жыл бұрын айтып кеткен.
600 жыл
Терминдер
20 ұпай
Шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын діни наным - сенім
Тотемизм
30 ұпай
Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Кесене
40 ұпай
Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Ғаныш
50 ұпай
Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш
Терраката

“Ойлан тап”
Арыстан баб кесенесі қайда орналасқан?
Жамбыл қаласы
Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?
VII ғасырдың ортасында Араб елінде пайда болған
Ислам дінінің негізгі бес парызы
1. Бес мезгіл намаз оқу.
2. Ораза ұстау
3. Садақа беру.
4. Иман.
5. Қажылыққа бару
Ислам дінінідегі елдер
Сирия, Палестина, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Ливан, Марокко, Эфиопия т. б.
Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы
Діннің басты қағидасы - бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию. Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар
«Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат - түрік») шығармасының авторы кім?
Махмуд Қашғари

" Сен білесің бе?»"
Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.
ХІ ғасырда
Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.
Х І - ХІІ ғасырларда
- Бабаджа – қатын кесенесі салынған уақыт
Х - ХІ ғасырларда
Сәулетті ірі құрлыстар салына бастаған.
Х – ХІІ ғасырларда
Айша бибі кесенесі салынған.
ХІ – ХІІ ғасырларда
Әмір Темірдің бұйрығы мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауидің кесенелері салынды.
ХІV – ХV ғасырларда

Тест сұрақтары
Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы
А) Жүсіп Баласағұни В) Әл - Фараби
Б) Әл - Макдиси Д) Махмуд Қашғари
2. «Диуани луғат ат - түрік» еңбегінің авторы
В) Махмуд Қашғари
3. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра
В) «Диуан - и хикмет»
4. Ғаныш деген не?
А) Күйдірілген бор тас.
5. Х - ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
А) Діни кешендер
6. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
Ә) Кесене

Толық нұсқасын жүктеу
17 078
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі Тарих пән мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×