Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімділер сайысы

09 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Тарих
«Білімділер» сайысы (сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан игерген білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу
Тәрбиелік: оқушылардың тарихқа қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, слайд-презентация
Барысы:
Музыкалық номер:
Адамзат баласы пайда болғаннан қазіргі күнге дейін небір қызықты оқиғалар мен үлкенді кішілі соғыстарды басынан кешірді.Тарих - ең алдымен жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Олар әр түрлі қиындықтарға қарамастан алға жылжыды.
«Тарих » сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих»- сөзі зерттеу, оқиғалар жайлы әңгіме деген мағынаны білдіреді.
Атақты ғұлама ғалым, шығыстың екінші ұстаз атанған бабамыз Әл-Фараби «Тарихты білмей бүгінгіні, ертенгіні болжау қиын» демекші тарихымызды құрметтеп, Отанымыздың болашағына сеніммен қарайық деген сөздермен бүгінгі сайысымызды еліміздің тарихына арнап отырмыз.
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Білімділер » сайысына қатысып отырған оқушыларымызға ел тарихының кейбір мәселелерін есте сақтап қалсын деген ниетпен , сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Ол:
1. « » тобы (10 а)
2. « » тобы (10ә)

Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
2. Суреттер сөйлейді
3. Сандарды сөйлет
4. Топ жетекшілерінің сайысы
5. Картамен жұмыс
6. Теңге алу


1 кезең «Таныстыру» (2 ұпай)
Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

2 кезең «Суреттер сөйлейді» (1 деңгей-2 ұпай, 2 деңгей – 1 ұпай)
Тақтада берілген суреттер арқылы топтар сұрақтарға жауап береді
1 Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған: “Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде-бір халық болған жоқ”
2 Б.з.б. 519-518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша
3 Оңтүстік Қазақстан жерінде, Сырдарияның бойында орналасқан қала.Кезінде ол қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған.Бұл қаланы Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деп атады.
4 Суретте қай қала бейнеленген? Қаланың тарихы туралы не білесіңдер?
5 Бұл жәдігер қай ғасырға, қай тайпаға тән? Уақытын және қайдан табылғанын айт
6 Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел
7 Б.з.б. IV ғасырдың 30 – жылдары грек-макендондықтар осы адамның бастауымен сақ-скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім?
8 Әйгілі ағылшын ғалымы, маймыл мен адам арасындағы туыстық турасында батыл пікірлер айтты.
9Суретте кім бейнеленген? Оның өмірі туралы не білесіңдер?Қай салада көптеген еңбектер қалдырды?
10Суретте жазудың қай түрі бейнеленген? Ол жазу туралы не білесіңдер?

3 кезең «Сандарды сөйлет»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру.Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі
10 ұпай:
1945 Жеңіс күні
1941 Ұлы Отан соғысының басталуы
1939- І дүниежүзілік соғыстың басталуы
20 ұпай:
1466-қазақ хандығының құрылуы
1954-тың игеру жылдары
1961 – адам баласының ғарышқа ұшуы
30 ұпай:
1916-ұлт азаттық көтеріліс
1822-Сібір қырғыздарының жарғысы
98-конституциядағы бап саны

4 кезең «Капитандар сайысы»
Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

1 топ басшысына арналған тапсырмалар
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қимақтар.
5. Қорқыт ата кітабы 13 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Шу өзенінің бойында орналасқан

1 топ басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қидан.
5. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Орхон өзенінің бойында орналасқан.

2 топ басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Балбал тастар Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.
2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.
3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ – Қызылорда.
4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.
5. Керейіттер Керулен өзенінің бойында қоныстанды.
6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы – Мұқылай.

5 кезең
Картамен жұмыс
Интерактивті тақтада берілген тарихи оқиғалардан үзінді береді.Сол үзінді бойынша оқиғаның болған жерін картадан көрсетеді
1-оқиға XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп қазақ аталған халықты ертіп , .... жеріне келді. Сол жерді көрсет (Жетісу)
2-оқиға 1836-1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды.Аталған Орда қай жерді алып жатты? (Еділ мен Жайық аралығы)
3-оқиға 1728 жылы 60 мың қазақ-қырғыз әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталды. Бұл қай жер? (Бұланты өзенінің жағасы)
4-оқиға 1989 жылы шілдеде экономикалық және саяси талаптарды көтерген 10-15 мыңдай кеншілер қатысқан ереуіл қай қалада болды? (Қарағанды)

6 кезең
Оқушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр
нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін топ
басшылары жауап береді.

1. ҚР тәуелсіздік күні?(1991 ж 16 желтоқсан)
2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы(16, 5 мың км )
3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым (геральдика)
4. ҚР қанша облыстан тұрады?(14 облыс)
5. ҚР қай елдермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б.)
6. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?(Түркістан)
7. Қазақстанда қанша көл бар?(48 мыңнан аса)
8. Қазақстанның конституциясы қашан қабылданды?(1995 ж 30 тамызда)
9. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады? (Бәйтерек)
10. Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
Осымен сайысымыздың алты шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,
Музыкалық номер:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!
17 153
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай - күйі туралы жан - жақты мағлұматтар беру.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Матаева Назерке Сембековна
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
Тақырыбы: «Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×