Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хан

22 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Тарих
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір» (жеке жұмыс)
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Абылай кім?
Ж: Қазақтың ұлы хандарының бірі.
2. Абылай кезеңінде қазақ хандығына кімдер шапқыншылық жасады?
Ж: Қазақ хандығына Абылай кезеңінде жоңғарлар шапқыншылық жасады?
3. Жоңғарлардың қазақ хандығына не себепті шабуыл жасады?
Ж Шұрайлы жерлерін басып алу үшін.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр, ол 1711 жылы дүниеге келген.
2. Абылай хан Шыңғысханның ұлы Жошыдан тараған.
3. Әбілмансұр Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, атасы – Түркістан қаласының билеушісі (оның есімі де Абылай) болған.
4. Әбілмансұрдың әкесі Уәли жоңғарлармен болған шайқаста қаза тапқан.
5. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, «Сабалақ» деген ат алады.
6. Сабалақ ержеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбаймен танысады.
7. Абылайдың өмірі мен ерлігін Бұхар жырау жырлаған.
8. Абылай 15 жасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене араласты.
9. 1740 жылы тамыз айында Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады.
10. Абылай ханның серіктері Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тарақты Байғазы, Малайсары, Баян батырлар жоңғар феодалдарымен күресін өрістетті.
11. 1778 жылы 24 мамырда Абылай Орта жүздің ханы болды.
12. Абылай 1781 жылы дүние салды, ол Түркістандағы Ахмед Иасауи кесенесіне жерленген.

2 - қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторлары:
(неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта:
1. Неліктен Абылайға «Сабалақ» деген ат берілген?
Ж. Себебі Төле би үсті – басының тоз – тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойыпты – мыс.
2. Абылайдың 15 жасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене араласуына не себеп болды?
Ж. Абылай қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқару, елдің тыныштығын, бірлігін қамтамасыз ету болды.
3. Абылайдың өмірі мен ерлігін Бұхар жырау неге жырлаған?
Ж: Абылай ханның кеңесшісі әрі қазақ хандығы дербестігінің жаршысы Бұхар жырау өз толғауларында ханға озық ойлы мемлекет қайраткері, ұлы тұлға ретінде жоғары баға берді.
4. Неліктен Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет Ресей империясының билігін мойындады?
Ж: Қазақ билеушілері бұл әрекетке жоңғар шапқыншылығы қаупі төнген ауыр жағдайда елге төнген қатерден құтылудың басқа жолы болмағандықтан, амалсыздан барды.
5. Абылай ханның серіктерінің жоңғар феодалдарымен күресінің өрістеу нәтижесінде не болды?
Ж: Қазақтардың жұмыла күресуі Жоңғар мемлекетін әлсіретті.
6. Ресей үкіметі Абылайды неліктен хан етіп бекітті?
Ж: Ресей патшасы ІІ Екатерина «сазайын тартқыз да, төрелік ет» деген саясатын сақтай отырып, Абылай хан өзіне берілген символдан бас тартса да, патша өкілдері хан ауылына грамотаны әкеліп берді.
7. Абылай дүние салғаннан кейін қазақ хандығы неліктен әлсіреді?
Ж: Абылайдың баласы Уәлидің табандылық көрсете алмауы, елдің ынтымағын, бірлігін сақтай алмауына байланысты.

3 - қадам -(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:
1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1 - 3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
(1 - 3). Кесте арқылы Абылай хан билігі кезеңінің тарихи маңызын ажырату.

Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Толепбергенова Арайлым Акаевна

Толық нұсқасын жүктеу
3 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Тыныс белгілер. Жеті ата
Тыныс белгілер. Жеті ата
Адамның үш жұрты болады. Солардың ішіндегі ең жақыны өз жұрты. Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене жатады. Солармен қоса әкесі, анасы, атасы, әжесі, туған - туыстары жатады.
Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі
Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Көпеев Тілек Бекболұлы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Натрий және калий
Натрий және калий
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×